Қазақстан Қырғызстанмен шекарадағы жағдайды саясиландырмауға шақырды

Dalanews 17 окт. 2017 13:09 740



Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды саясиландырмауға шақырды. Ол Қазақстанды "Еуразиялық экономикалық комиссия қағидаларын бұзды" деген айыптауларды негізсіз деп атады.





"Кез келген мемлекет өзінің экономикалық және басқа да мүдделерін қорғау қажеттілігі туғанда, ішкі шараларын қолдана алады деп ойлаймын. Менің пікірімше, бұның барлығын саясиландырудың қажеті жоқ, мәселені мүдделі тараптармен бірге шешуге тырысу қажет", - деді министр.

Сүлейменовтің айтуынша, Қазақстан өз заңдары аясында әрекет етіп отыр. "Бұның Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясындағы жауапкершілікке де қатысы бар. Кез келген тараптың Еуразиялық экономикалық Жоғары кеңеске жүгінуне құқығы бар", - деді Сүлейменов.

Қырғызстанның экономика министрлігі 16 қазанда қазақ тарапының шекарадан өткізу жүйесін қатайтқанына байланысты ЕЭК-не шағымданғанын мәлімдеді.



Рекомендовать
Последние новости