Қазақстан "Күпірстан" ба?

Dalanews 30 мар. 2016 05:52 763



Отбасымен Сирияға аттанған Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының тумасы Марат Мәуленов Қазақстан басшылығына бейнеүндеу жолдады. Бейнежазба WhatsApp мессенджері арқылы тарауда.





"Қазақстан жеріне шын жүректен сәлем" дейтін төрт минуттық бейнежазбаның басында қару асынған сақалды жігіт өзін Ор қаласының тұрғыны Ринат Жұмабеков деп таныстырған тағы бір қарулы адаммен бірге сөйлейді. Қазығұрт ауданының тұрғындары бірінші адамды Марат Мәуленов деп танып отыр. Орыс тіліндегі үндеулерінде олар отбасыларын "халифат жеріне" көшіріп әкелгендерін және балалрды онда «шариғат бойынша» оқытып жатқандарын айтады. Мәуленов Қазақстанды «Күпірстан» деп атап, «демократия мен шайтан» үшін емес, «Аллах сөзін жеткізу үшін шайқасып жатқанын» мәлімдеді.

​Былтыр қыркүйекте интернетте 45 жастағы Марат Мәуленовтің отбасымен бірге Сирияға көшіп кеткені туралы ақпарат пайда болды. Қазығұрт ауылындағы Ораз Жандосов атындағы орта мектепте орыс тілінің мұғалімі болған Марат Мәуленов көршілеріне әйелі және алты баласымен Бішкекке киім алуға кетіп бара жатқанын айтқан. Мәуленов жұмыс істеген мектеп директоры жоғалып кеткен ұстазды жұмыстан шығарғанын хабарлады.



Рекомендовать
Последние новости