Қазақстан коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша рекорд жаңартты

Dalanews 05 июл. 2021 03:16 715

Өткен тәулікте 3 031 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл індет басталғалы бері елімізде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Дәрігерлер мұны көпшілік арасында тез таралатын дельта-штаммымен байланыстырады. Олардың айтуынша, “дельта” штаммын жұқтыру ауруханаға жатқызу мен өлім қаупін едәуір арттырады.

Бұл коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штаммы деп саналады.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 799,

  • Алматы қаласында - 396,

  • Шымкент қаласында – 161,

  • Ақмола облысында – 130,

  • Ақтөбе облысында - 69,

  • Алматы облысында - 92,

  • Атырау облысында - 149,

  • Шығыс Қазақстан облысында - 66,

  • Жамбыл облысында - 57,

  • Батыс Қазақстан облысында - 186,

  • Қарағанды облысында - 499,

  • Қостанай облысында - 54,

  • Қызылорда облысында - 33,

  • Маңғыстау облысында - 196,

  • Павлодар облысында - 87,

  • Солтүстік Қазақстан облысында - 12,

  • Түркістан облысында - 45.


Республикада пандемия басталғалы індетке шалдыққандар саны 436 962 адамға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте елде 1 248 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.


Айта кетелік бұған дейін Dalanews.kz - ке пікір білдірген профессор-иммунолог Алмаз Шарман "үнді" штаммы балаларға да жұға бастағанын айтқан еді.

"Балалар арасында “дельта” штамын жұқтыру 5 есе жиілей бастады. Яғни, COVID-19 вирусы жасарды, бірақ балаларда инфекцияның қаншалықты агрессивті жүретіні әзірге белгісіз. Ересектерге келетін болсақ, “дельта” инфекциясын әлі егілмеген адамдар жұқтыруға бейім. Вакцина кез-келген КВИ нұсқаларына қарсы жалғыз тиімді құрал болып қала бермек. Вакцина алғандар өздерінің иммундық жүйесі “дельта” нұсқасынан қорғай алады деп сенімділікпен айта алады. Ал вакцинацияланбағандар пандемияның инфекция мен өлім қаупі өте жоғары болып тұрған ең қауіпті кезеңінде екендіктерін түсінулері керек, – деді Алмаз Шарман.

Ол сонымен бірге, пандемиямен күресудің жалғыз тиімді жолы вакцинация екенін атап өтті. Бүгінгі таңда әлемде КВИ вакцинасының 3 млрд астам дозасы енгізілген, бұл 100 адамға шамамен 39 дозаны құрайды. Алайда, вакцинациямен негізінен АҚШ, Израиль және Еуропа елдерінің халқы қамтылған. Қазақстанда тұрғындардың тек 17%-ы ғана вакцинаның бірінші компонентін алды.

 

Рекомендовать
Последние новости