Қазақстан журналистері халықаралық турнирде топ жарды

Dalanews 31 окт. 2022 15:52 1336

Грузияда Кеңес одағының танымал комментаторы болған Коте Махарадзені еске алуға арналған журналистер арасындағы халықаралық футбол турнирі өтті.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылған бұл додаға биыл Молдова, Румыния, Украина, Әзірбайжан, Қазақстан, Армения және Грузия командалары қатысты.

Айта кетерлігі, Қазақстан атынан алғаш болып екі команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан журналистер командасы финалда Грузия журналистерін пенальти сериясында жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.



- Бұл турнир футбол тарихы тұрғысынан ғана емес, журналистердің тәжірибе алмасуы жағынан да маңызды. Әртүрлі елдердің БАҚ өкілдері арасындағы қарым-қатынас күшейіп, өзара әріптестік байланыс нығаяды.



Сондықтан, БАҚ өкілдерінің басын қосуда Коте Махарадзені еске алу сияқты турнирлер өте маңызды, - деді турнирді ұйымдастырушысы Мамука Кварацхелия.

Рекомендовать
Последние новости