Қазақстан азаматымен дауласқан швейцариялық компания сотта жеңіп шықты

Кәмшат Тілеухан 09 окт. 2024 09:52 2500

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот  алқасы бренд сағат таңбасына қатысты даулы істе бірінші саты сотының шешімін заңды және негізді деп тапты. Атап айтқанда, 2024 жылғы 20 ақпанда ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің Қазақстан азаматына тиесілі C. тауар белгісінің күшін жоюдан бас тарту шешімі және C. тауар белгісін тіркеуді заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Айта кетсек, 2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан азаматына C. тауар белгісі тіркелген. Одан кейін, Rolex SA швейцариялық компаниясы тарапынан осы тауар белгісінің күшін жою бойынша арыз түсіп, онда C. және COSMOGRAPH тауарлық белгілерінің ұқсас екендігін, ол тауарға немесе оны өндірушіге қатысты тұтынушыларды адастыруға алып келуі мүмкін деп көрсетілген.
 
2024 жылғы 20 ақпанда ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің шешімімен C. тауар белгісінің күшін жоюдан бас тартылды. Шешімге Rolex SA кезекті рет шағым келтірді.
"Сот істі қарау кезінде Rolex SA компаниясы 1961 жылғы 04 мамырдан бері 14-сыныпты тауарларға, атап айтқанда сағаттардың барлық түрлері мен олардың құрамдас бөліктеріне қатысты басымдығы бар халықаралық тіркеу бойынша COSMOGRAPH тауар белгісінің иесі болып табылатынын анықтады.C. тауар белгісі кейінірек және сағатпен байланысты тауарлар мен қызметтерге қатысты тіркелген. Тауар белгісінде C. болғанына қарамастан, COSMOGRAPH сөзіндегі кейбір графика мен қосымша аяқталу мағынасы бойынша негізгі сөз C. сөзі болып табылады. Сот C. және COSMOGRAPH тауарлық белгілерінің ұқсастығы жоғары, бұл жағдай тауарға немесе оны өндірушіге қатысты адастыруға алып келуі мүмкін деген қорытындыға келіп, ҚР Әділет министрлігінің апелляциялық кеңесінің 2024 жылғы 20 ақпандағы шешімін және "C." тауар белгісін тіркеуді заңсыз деп таныды", делінген сот хабарламасында. 
 
Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.
 

Рекомендовать
Последние новости