«Қазақша пікірлерді өшіріп жатыр. "2GIS" сервисінің не ойлағаны бар?

Dalanews 07 февр. 2023 08:18 1267

"2GIS" сервисі кафелерден қазақша ас мәзірін талап еткен пікірлерді жаппай өшіре бастады, – деп хабарлайды Dala Inside Телеграм каналы.

Соңғы рет осындай жағдай Алматыдағы "Динара" кафесіне қатысты пікірлерде орын алды.

Қазақ тіліне қатысты пікірлердің көпшілігі "2GIS" сервисінде 4-ші ақпаннан бастап "расталмаған" категориясына енгізіліп, артынан өшіріле бастаған.

Керісінше кафені жақтайтын пікірлердің барлығы бірден расталған.

"2GIS" Ресейдің мобильді қосымшасы болып табылады. Оның иесі "ДаблГИС" ашық акционерлік қоғамы. Өз кезегінде "ДаблГИС" Сбербанкке қарайды.


"2GIS" Сбербанк санкцияға ұшырағаннан кейін AppStore-ден алынып тасталған болатын.

Олар дереу DG-SOFT деп аталатын қазақстандық компанияның атынан тіркеліп, AppStore-ге қайтадан кіріп алды.

Dala Inside бұл туралы Apple корпорациясына арнайы сұрау салмақшы.

Жалпы ресейлік компанияның біздің атымызды жамылып, санкцияны айналып өтуі, қазір Ресейдің біз арқылы паралелльді импорт жасауы биыл Қазақстанға қосалқы санкция әкелуі мүмкін.

 

АЙТПАҚШЫ…


 Қазақстандағы АЭС-ті Франция салады ма? Бұған қатысты тың мәлімет шықты. Толығырақ осы жерде: t.me/dalainside/1130

Рекомендовать
Последние новости