«Қазақы тазы мен төбеттің тұқымын сақтау ісі сын көтермейді». Бұл іске Тоқаевтың іс басқармасы назар аударды

Dalanews 01 сент. 2022 05:26 1361

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің іс басқармасына жеті қазынаның бірі – қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтау жұмысын қолға алуды тапсырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыған орай ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев осы жұмысқа тартылған және мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өткізді. Басқосуда тазы мен төбет тұқымының тазалығын сақтау ісі сын көтермейтіні айтылды. Жұмыс жүйелі жүргізілмеген.

Жиын қорытындысы бойынша премьер-министр кеңсесінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Президенттің іс бсқармасы жанындағы парламентаризм институтының, сондай-ақ «Қансонар» республикалық қауымдастығының өкілдерінен жасақталған жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.


Жұмыс тобы Қазақстанның барлық аймақтарында таза қанды тазы мен төбеттің генофондын ғылыми зерттеуді нысаналы қаржыландыру мүмкіндіктерін тауып, мемлекеттік қолдау түрлерін қарастыруға тиіс. Сондай-ақ сақтау және қалпына келтіру бойынша заңнамалық нормалар пакетін әзірлеуі керек.

Халықаралық кинологиялық орталықта (FCI) тазы мен төбеттің шыққан елі ретінде Қазақстанды көрсету де мәселе болып отыр.

Рекомендовать
Последние новости