“Қазақ тілін білмейді”: Министр Сәтқалиев лауазымды қызметінен кете ме?

Қаракөз Амантай 02 февр. 2024 16:38 4004


Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовке қазақ тілін білмейтін шенеуніктердің мәселесіне байланысты сұрақ қойылды. Өз кезегінде ол қызметке кірісу үшін мемлекеттік тілді білу деңгейіне байланысты талаптардың қойылмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Кездесу барысында журналистің бірі Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың қазақ тілін білмейтінін алға тартып, осыған байланысты олар жоғары лауазымдағы қызметтерін жалғастыра ала ма деген сұрай қойды.


Мүксімовтің мәліметінше, мемлекеттік қызметке үміткерлер тапсыратын тестілеу мен іріктеу әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге ғана арналған.



“Саяси қызметкерлер тестілеуден өтпейді. Олар тағайындалады. Сондықтан бұл жерде конкурстық іріктеу өткізілмейді”, - деп түсіндірді ол.



Осы тұста Салауат Мүксімов тіл білу туралы талап қою қалыпты жағдай екенін атап өтті.



“Тілге қатысты талаптар оның ішінде саяси қызметкерге де оның кәсіби қызметіне қатысты қойылуы керек. Егер тіл кәсіби қызметін орындау үшін маңызды болса, әрине, ескерілуі керек. Мысалы, Сыртқы істер министрлігі қызметкерлері, елшілікте жұмыс істейтіндер жіберілген елінің тілін білуі керек”, - деді ол.



Алайда Салауат Мүксімов қос министрге қатысты нақты жауап айтпады.



Рекомендовать
Последние новости