"Нива алса да болар еді..." Люкс сападағы 10 көлік сатып алған Алматы облысы әкімдігі сынға қалды

Сағыныш Сардарова 02 февр. 2024 16:57 5547


Желіде Алматы облысы әкімдігі қымбат 10 көлік сатып алғаны туралы ақпарат қызу талқыға түсіп жатыр,- деп хабарлайды Dalanews.kz


egov.press Telegram-арнасы мәліметінше,өңір әкімдігі қыруар ақшаға люкс сападағы қытайлық көлік сатып алған.



"Халықтың 280 миллион теңгесіне "TANK 500" атты қытайлық 10 люкс көлік сатып алған. Автокөліктер қазірдің өзінде жеткізілген. Нива алса да болар еді... Халықтың орнына өздерінің қамын ойлап, жағдай жасап жатыр", - деп жазылған арна мәліметінде.



Алматы облысы әкімдігі өкілдері осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Олардың сөзінше, бұған конкурс та жарияланған.



"Заңнамаға сәйкес отандық тауар өндірушілер арасында ашық конкурс арқылы 10 көлік сатып алынды. Бұл ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында қолжетімді. Алматы облысындағы таулы жерлер мен жолсыз жерлерді, сондай-ақ, елді мекендер арасындағы қашықты ескере отырып, оңтайлы "жол талғамайтын көлік" таңдалды. Сатып алынған автокөліктер Алматы облысының мемлекеттік органдары арасында бөлінді", - деп жазылған Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысының жауабында.




Рекомендовать
Последние новости