"Қазақ орысқа қосылуы керек" деген Тайчибековтың түрмедегі суреті жарияланды

Dalanews 27 окт. 2016 06:17 805

Сіздер мұны білесіздер. Бұл Қазақстанның Ресейге қосылуын қалайтын атышулы Ермек Тайчибеков. 

Мұны былтыр Жамбыл облысы Қордай аудандық соты «әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы ұлтаралық араздық тудырды» айыптап 4 жылға соттаған болатын. Қазір жатыр. Сотталып. 

Тайчибековтың түрмеге қамалуына біздің сайтымыз (Dalanews.kz) ықпал еткенін айтпай кетпеске болмайды. Былтырғы жылдың басында сайтымызда "Қазақтар, қайда қарап отырсыңдар?" деген мақала жарияланған. Осы мақаладан кейін "үш әріпке" жан бітіп, Тайчибековтың тергеуге ала бастады. 

Ол ұлттық-араздық туғызғанын жазғанбыз. Не жазғанын айтайық па? Оқып көріңіз. Сау адамның сөзіне ұқсамайды. 

«Казахстан должен стать неотъемлемой частью России, как Астрахань, Омск, Новосибирск. Можно в качестве Семиреченской губернии…».

« Я не враг казахам, я за то, чтобы казахский народ вышел на передовой уровень. Это возможно только в составе Российской империи».

«С 1991 года я принципиально не смотрю Олимпиаду, так как Советский Союз распался. Как только Казахстан с Россией объединится, я снова стану смотреть Олимпиаду».

14632864_1124263300943545_5948313645339281812_n

 

Рекомендовать
Последние новости