Қазақ ғалымы Моңғолияның "Достық" орденімен марапатталды

Dalanews 12 окт. 2022 13:33 935

Моңғолияның Қазақстандағы елшілігінде Қазақстан ғалымы Ақеділ Тойшан мен саясаткер Орман Нұрбаев марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марапаттау салтанатына Моңғолиядан арнайы келген Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Саянбуян Амарсайхан, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және екі елдің тиісті мекеме қызметкерлі қатысты.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара барысында Қазақстан азаматтарын марапаттау Моңғолияның Қазақстандағы елшілік ғимаратында өтті.

Моңғолия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуына қосқан зор үлесі үшін QazaqGeography қоғамының атқарушы директоры Орман Нұрбаев «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталсын. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің №124 Жарлығы - делінген марапаттау Жарлығында.



Сонымен қатар Халықаралық Түркі академиясының ғылыми қызметкері, ғалым Ақеділ Тойшан Моңғолия Президентінің Жарлығымен «Достық» орденімен марапатталды.

Моңғолия мен Қазақстанның ынтымақтастығының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы, ғалым Ақеділ Тойшанұлы Моңғолияның «Достық» орденімен марапатталсын. Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің №124 Жарлығы Ұланбатыр қаласы 2022 жылғы шілде – делінген марапаттау Жарлығында.



Ақеділ Тойшан – этнограф, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени өкіл. Халықаралық Түркі академиясында сарапшы, академияның Моңғолияда атқарылатын жұмыстарын жан-жақты саралап, үйлестірумен және тілмаштық қызмет атқарумен айналысып келеді.

Орман Нұрбаев – 2007-2012 жылдары Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі болып абыройлы қызмет атқарған алғашқы елшілердің бірі.

 

Рекомендовать
Последние новости