«Әбілязов пен Путин тандемі». Олардың не көксегені бар?

Dalanews 13 окт. 2022 05:58 984

«Қуынғандағы банкир, олигарх, бұрынғы «Қазақстанның демократиялық таңдау» саяси ұйымының серкесі, оппозиционер Мұхтар Әбілязов бүгінде өзін билікке қарысыласушылардың көшбасшысы санайды. Қазір Францияда бой тасалап жүрген Әбілязов Қазақстандағы саяси режимнің өзгертуді жатса-тұрса армандайды», – деп Asiatelegraf.com сайты Мұхаңды сипаттай келе, 2016 жылға Америкадағы Президент сайлауына араласқан орыстың олигархтармен қалай тығыз байланыста болғанын жайып салыпты.  

Дереккөзі Қазақстанда тіркелмеген ҚДТ саяси ұйымы үшінші елдер тарапынан қаржыландырылатынын да алға тартыпты.

Енді Әбілязов пен Американың сайлауына кедергі келтірген орыстың олигархтармен нендей мәселе байланыстырғанын келсек.

Asiatelegraf.com сайтының жазуынша, Әбілязов 2016 жылы Америкада аты шулы Президент сайлауы кезінде АҚШ-тің ішкі ісіне араласқан орыс бизнесмендерімен белсенді түрде хат алмасып, олармен бизнес келісімдер жасап, орыстың олигархтарына қолдап отырған.

Бүгінде Әбілязовтың орыстың олигархтармен ауыз жаласқанын дәлелдейтін құжаттардың біразы ғаламтор желісіне жарияланып кеткені белгілі.

Айталық, 2018 жылы Ұйымдасқан қылмыс пен коррупция жария ету жобасы (OCCRP) және BIRN-нің Балкан тобы бойынша зерттеулерінде осындан 10 жыл бұрын Мұхтар Әбілязов оффшорлық компаниялардың көмегімен Ресей, Сербия және Ұлыбританиядан жылжымайтын мүліктер сатып алғанда БТА Банктың қаржысын қалауынша пайдаланғанын көрсетеді.

Мәселен, BIRN-нің мәліметінше, құны 50 млн доллар тұратын Мәскеудегі тұрғын үй кешеніне Әбілязов Британияның Виргин аралдарында тіркелген Gainsford Investments компаниясы арқылы бақылау жасап келген. Сол кезде Gainsford компаниясының 70 пайыз акциясы Мұхтар Әбілязовтың тағы бір Виргин аралдарына тіркелген Glinthill Investments Ltd деп аталатын компаниясына (бұл компания 100% акциясы Әбілязовке қараған) тиесілі болған.


Қазақстанның билік орындары Мұхтар Әбілязов БТА Банктың миллиардтаған долларларына жылжымайтын мүліктер сатып алып, одан қалса күмәнді коммерциялық келісімдер жасап, талан-таражға салғанын алға тартқан болатын.

Осы ретте көпшіліктің назарын мына бір мәселеге аударуға болады. Мұхтар Әбілязов Қазақстанда істі болып, сотқа тартылғанда оның Мәскеудегі жалпы құны 200 млн доллар болатын жылжымайтын мүліктерінің бірде біреуіне арест қойылмаған.

Ал дәл осы кезде Америка мен Ұлыбритания билігі оның жылыжмайтын мүліктеріне арест қойғаны есімізде. Осы бір жайттан-ақ Мұхтар Әбілязовтың Путин мен оның олигархтармен қалай ауыз жаласқанын байқауға болады.

Бүгінде Әбілязов өзінің әлеуметтік желідегі әңгімелерінде айналасына қауіп төндіріп, агрессор елге айналған Ресейге қатысты қатты сөз айтпайтынын жұрттың бәре біледі. Ал Президент Тоқаевты сынағанда Путин режимін қолдауыш ретінде көпшілікке көрсетуге құмар. Осылайша ол әр сөзінде Тоқаевты «Қазақстанда ресейлік бағытта дамытып жатыр» деп орынсыз айыптайды.   


Ал шындығында Тоқаевтың Батыс елдерімен жақындасып, осы бағыттағы жұмыстарға барынша серпін беріп жүргенін білеміз. Ал Әбілязов болса мұның бәрін көрседе де көрмегендей болады. Осы бір жайттарды сарапқа салған адам Путин режиміне Тоқаев емес, Әбілязовтың тым жақын екенін байқары анық.

Бүгінде Мұхтар Әбілязовтың осы бағыттан айнымай, Тоқаевқа қара күйені қалыңдата жағауы Кремльге де майдай жағатыны жасырын емес.

Қазір Кремльдің Батыс әлеміне Тоқаевты қаралап көрсететін ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сол себепті олар Әбілязовты астыртын қолдап, Батыс елдері алдында Тоқаевтың бәсін төмендетуге барын салуда. Осылайша Путин режимі бір оқпен екі қоянды атып, Қазақстанда саяси дағдарыс пен әлеуметтік толқу туғызуды көксеп отыр.

Бұл – Путиннің тізесі шыққан ескі әдістерінің бірі екенін білеміз. Сондықтан Әбілязов пен Путин тандеміне ешкім сенбесі анық.

 

Рекомендовать
Последние новости