Алматыда БАҚ өкілдеріне арналған ауқымды семинар ұйымдастырылды

Dalanews 12 окт. 2022 13:26 924

8-9 қазан күндері Алматы қаласындағы “Қазақстан” қонақүйінде қазақ журналистеріне арналған “Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер” атты семинар-тренинг өтті.

Семинарды Түркітілдес журналистер қоры Шеврон компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Медиа форумды “Түркітілдес журналистер қоры” қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы ашты.

Екі күнге созылған семинарда елдің әр өңірінен жиналған тілшілер Түркия мен Италиядан, Өзбекстаннан келген спикерлердің дәрісін тыңдады.



Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциацияcының президенті Эсма Чакыр, Түркиядағы Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Түркия журналистер конфедерациясы Халықаралық қатынастар жөніндегі Бас үйлестірушісі Мевлут Йени, Өзбекстандағы «Народное слово» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усманов сынды беделді мамандар медиа тренер болды.

«COVID-19: инфодемия» тақырыбында дәріс оқыған Эсма Чакыр ханым журналистің қызметі, ақпаратты берудегі өзгешеліктер, соңғы кездегі жаңа тенденциялар тақырыбында құнды ақпараттар берді.

Семинар аясында әріптесіміз «Журналистиканың ықпалы және сөз бостандығы» хақында сөз қозғады.


Өзге спикерлер түркі елдерінің ортақ ақпарат кеңістігі, дәстүрлі медиа және жасанды интеллекті, жаңа медианың үдерістері және ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында ой қозғап, пікірлерін ортаға салды.



«Social Media: Definition, effects and list of top Apps» тақырыбында сөз қозғаған Идирс Таш мырза қазақ журналистері мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Ал, Өзбекстаннан келген трентер Нұрлан Усманов өз еліндегі журналистердің қазіргі жай-күйі, оларды оқыту, дайындау сынды тәжірибелерімен бөлісті.

Ал, “Шеврон” компаниясының өкілі Айнұр Сағынбайқызы мен ҚазҰУ Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова PR білім беру мен компанияның медиа құралдармен қарапайым жұмысы жайлы ақпараттары аудиторияға өте қызықты болды.



Шара соңында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен «Шеврон» компаниясының серіктестігінде ұйымдастырылған «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын  марапаттау салтанаты болды.

Рекомендовать
Последние новости