Қазақ балуаны Демеу Жадыраев Олимпиаданың ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жықты.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Колумбия спортшысын отандасымыз алып ұрды.
Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен күш сынасады.