Қайрат Нұртас: Өнерден кететінім – өтірік! Оны кім айтты?

Dalanews 29 янв. 2016 08:15 1084

Депутаттыққа түсетіні белгілі болған әнші Қайрат Нұртастың «депутат болсам, өнерден кетемін» деген сөзін көпшілік түсіне алмады. Қайраттың халық қалаулысы болғысы келген ниетін де кейбіреулер қолдаған жоқ.

Дегенмен, «ол неге өнерден кетпек?» деген сауал танымал әншінің тыңдармандарына маза бермегені анық еді.

Бұл тарапта «Dalanews.kz»-ке аталған мәселеге қатысты пікір білдірген Қайрат Нұртас:  «Өнерден кету туралы ой менде мүлдем жоқ! Орыс басылымдары менің сөзімді бұрмалап жіберген. Сол-ақ екен көпшілік арасына «Қайрат әншілікпен қош айтысады» деген әңгімелер тарап кетті. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Халық қалаулысы болған күннің өзінде де өнерден алыстамаймын. Елімнің, тыңдармандарымның ортасында боламын. Алаңдамаңыздар!», – деді.

Рекомендовать
Последние новости