Депутаттыққа кім лайық?

Dalanews 29 янв. 2016 07:20 1532

Биылғы Парламент сайлауы үлкен леппен өтетін сыңайлы... Әнші, спортшы, ақын-жазушылар саяси партияларға мүше болып, депутаттық мандатқа ие болуға барынша ыңғай танытуда. Әрине, олар «Ойбай, сайлауға қатысатын болдым, маған дауыс беріңіздер!» деп байбалам салып жатқан жоқ. Мүдделес адамдары арқылы  әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарымен қоғамдық пікірге қозғау салып жатыр. Бәрі «Нұр Отанның» тізімінен дәмелі. Абырой-беделдерін бұлдап, елге сіңірген «еңбектерін» еске алуда. Осындай сәтте «бізге қандай депутат қажет?» деген заңды сұрақ туындайтыны анық. Енді соған жауап беріп көрсек.

Біріншіден айтарымыз, сайлау жұртқа танылам деген адамға жақсы мүмкіндік болды. Күні кеше ғана көшеде ащы суға сылқия тойып алып, ішкі сезімін мәнсіз дыбыстармен сыртқа шығарып, жұртқа танымал болған Сайлаубек те «сайлауға қатысамын» деп сауықшыл қауымды тағы бір рет дүр сілкіндірді. Шоу-бизнестің төңірегіндегі жаңалықтарды қанын жерге тигізбей жазуға машықтанған қазақстандық ақпарат құралдары «мылқау әншінің» депутаттық мандатқа қол созуын апта бойы қызу талқылап, әрең ес жиды.

Итке сүйек тастағандай болған бұл ақпарат талайдың жүйкесіне тиіп, ашу-ызасын туғызғаны анық. Сайлаубекті қоя тұрайық. Сайлаубектің «сайлауға қатысам» деп езеуреуі кезекті жарнамалық қадам ғой. Біздің айтпағымыз басқа.
Қазіргі ұғымға салып қарасақ, мүйізі қарағайдай әнші, актер, ақын-жазушыларыңыз, КВН-шик, асаба –бәрі-бәрі шоу-бизнестің белсенді өкілдері емес пе? Осындай ықпалсыз, табанының бүрі жоқ, бағыты айқындалмаған адамдарға мемлекеттің тағдырын қалай тапсыруға болады?

Бүгінде көпшілігіміз өмірімізді өзгертіп, қазақ тілінің тұғырына қонғанын қалаймыз. Бұл турасындағы ойымыздың әлеуметтік желілерге күн сайын жазып, көпшілікпен бөлісеміз. Бірақ арқамызға шаншудай қадалған мәселелерді кімнің қалай шешетінін білмейміз.

Таяуда әлеуметтік желіде белсенділік танытып, өзін ұлт жанашыры ретінде көрсетіп (бәрімізге етжақын образ ғой) жүрген өнер адамы алдағы Мәжіліс сайлауында Мұхтар Шахановты, Бекболат Тілеуханды, Жүрсін Ерманды көргісі келетінін жазыпты. Сайлауы өтетін күн белгілі болғалы бері депутаттыққа үміткер ретінде талай ақын-жазушы мен әнші-әртістің есімі әлеуметтік желіде айшықтап жазылды.

Кала мен Дала

Теледидар мен той-томалақтан көретін ақын-жазушылар мен әнші-әртістердің бәрін тізіп шықтық. Олардың сөзі кесек, ойы терең болған соң, біз үшін олар ұлттың сойылын соғып, тілдің мүддесін көздейтіндей болып тұрады. «Соқыр көргенінен жазбайды» демекші, біз «Парламенттегі орынға солар лайық» деп қазақ қоғамына өз ойымызды ортаға салып жатырмыз.

Жарайды, көз алдымызда жүрген әнші-әртістер мен ақын-жазушылар депутат болсын. Сонда олар не істейді? Ұлттық мүдденің ұпайын түгендеп, жұрттың бәрін қазақша сөйлете ме? Жоқ. Өкінішке орай, біздер бүгінгі мәдениет қайраткерлерінің ықпалсыз топқа айналғанын түсінгіміз келмейді.
Айтыстың жүгін арқалап жүрген Ж.Ерманды сүйікті ісінен айырып, депутат қылғанда не табамыз. Мәжіліс пен Сенатта айтыс ұйымдастырамыз ба? Меніңше, Жүрсін ағамыз айтыстың басында жүріп, елге көп еңбек сіңіреді. Кезінде Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз бен Фариза Оңғарсынова апамыз депутат болып, артқы партада үнсіз отырып, уақыттарын текке кетірмеді ме?

Қазіргі ұғымға салып қарасақ, мүйізі қарағайдай әнші, актер, ақын-жазушыларыңыз, КВН-шик, асаба –бәрі-бәрі шоу-бизнестің белсенді өкілдері емес пе? Осындай ықпалсыз, табанының бүрі жоқ, бағыты айқындалмаған адамдарға мемлекеттің тағдырын қалай тапсыруға болады?

Өз басым алдағы Мәжілістің ауласынан М.Шаханов, Б.Тілеухан, Ж.Ерманды көргім келмейді. М.Шаханов пен Б.Тілеухан депутаттықтың дәмін татқан адамдар. Екеуі депутаттық мандатын пайдаланып, көкейге тұнған ойларының 10-15 пайызын Мәжілістің мінберінен айтты. Бұл үшін оларға Алла риза болсын.

Ал айтыстың жүгін арқалап жүрген Ж.Ерманды сүйікті ісінен айырып, депутат қылғанда не табамыз. Мәжіліс пен Сенатта айтыс ұйымдастырамыз ба? Меніңше, Жүрсін ағамыз айтыстың басында жүріп, елге көп еңбек сіңіреді. Кезінде Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз бен Фариза Оңғарсынова апамыз депутат болып, артқы партада үнсіз отырып, уақыттарын текке кетірмеді ме?

Біз депутаттық мандатқа ие болған ақын-жазушылар қазақ тілі мен ұлттық мүдде үшін күреседі деп ойлаймыз. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері өздерін ұлт жанашыры санайтын біраз ағаларымыз депутат болды. Олар депутат болғанша екпіні тау жапыратындай болды. Көздеген мақсатына қол жеткізгеннен кейін арыстандай аласұрған ағаларымыз тез жуасып кететінін бәріміз білеміз.

Мұның бәрін біле тұра тағы соларға үміт артатынымыз не? Бұл енді отандық телеарналардың бұқаралық мәдениетті күндіз-түні насихаттап, шоу-бағдарлама, түрлі концерттермен халықты ес жиғызбай есеңгіретіп тастағанының белгісі.

Кала мен Дала01


Қазір әлем елдері экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп тұрған шақта Қазақстанға «өнерлі һәм спортшы депутаттардың» мүлде қажеті жоқ. Бізге Еуразиялық одақ бойынша әріптестерімен терезесі тең дәрежеде дауласып, қазақтың экономикалық мүддесін қорғай алатын білікті, экономика мен қаржы саласын жетік меңгерген жаңашыл депутаттар қажет.

Ондай адамдар бар ма? Бар. Бірақ олардың бәрі бірдей қатаң сүзгіден өте алмайтынын да түсінеміз. Билік оларға депутаттық мандатты тапсырып-тапсырмаған күннің өзінде, біздер дұрыс таңдау жасап, қоғамға қажетті кандидаттарды өз тарапымыздан ұсына білуіміз керек.

Әлеуметтік желіде айтылған әңгімеде қазіргі қоғамның сықпытын байқау қиын емес. Бәріміз ұлтшыл болуға құмартып, қазақ тілі үшін отқа түсуге дайын тұрғандай сыңай танытамыз. Шындығында ешқайсымыз артық қимылға бара алмаймыз. Зиялылар бір кездері жинаған беделіне малданып, депутат болуға, атақ-абыройға оңай қол жеткізуге құмар.
Қазір әлем елдері экономикалық дағдарыспен бетпе-бет келіп тұрған шақта Қазақстанға «өнерлі һәм спортшы депутаттардың» мүлде қажеті жоқ. Бізге Еуразиялық одақ бойынша әріптестерімен терезесі тең дәрежеде дауласып, қазақтың экономикалық мүддесін қорғай алатын білікті, экономика мен қаржы саласын жетік меңгерген жаңашыл депутаттар қажет.

Сонда депутаттық мандатқа кім лайықты дейсіз ғой? Айтайын. Жоғарыда жастар саясаты сөз болғанда Мәжілісте Тәңірберген Бердіоңғаров (бұл да актер емес пе?) пайда бола кететіні белгілі. Сол Тәңірберген жалындап сайлаушыларының үмітін ақтаған кезін көрмедік. Ең соңында жастардың мүддесін көздейді деген депутаттың бетіне ел түкіріп кетті. Меніңше, жастар атынан депутат болуға «Ақ жолдың» перісі Мақсат Жақау өте лайық. Өзінің ісімен, әрекетімен жұрттың ықыласына бөленіп жүрген азамат.

Айқайласып, дауласпай-ақ еліміздегі орыстардың тілін қазақшаға бұрып жүрген Дос Көшім де депутат болуға әбден лайық.

Ойын тура айтып, өмірге шынайы көзқараспен қарайтын Расул Жұмалы депутат болса, Мәжілістің өміріне жаңа леп әкелетіні анық.

Сол сияқты кәсіпкерлікпен айналысып, зор жетістікке жеткен  Азаматхан Әміртай сынды азаматтарды Мәжілістен көргіміз келеді.

Көнсе, Асқар Жұмаділдаевты да Парламенттің жұмысына тартуға болады. «Таң» телеарнасының қайта түлетіп, орыстың ақпараттық саясатына тосқауыл қоюға әрекеттеніп жүрген Арманжан Байтасовтың да депутат болғанын қалаймыз.

Құрметті көпшілік, депутаттық үміткер ретінде лайықты азаматтардың (тұлғалар емес) атын атай білу де маңызды мәселе. Дұрыс таңдау жасап, дұрыс ұсыныс айту – біздің ой-өрісіміздің айқын көрсеткіші екенін естен шығармайық.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Рекомендовать
Последние новости