Қарметкомбинат кімге бұйырады?

Dalanews 09 нояб. 2023 07:13 1320

Қазақ қоғамын алаңдатып тұрған сауал осы болып тұр қазір. Сарапшы-сәуегейлердің болжамының қай-қайсының да жаны бар. Алайда, сәт сайын ахуал өзгеріп жатқанын да аңғару қиын емес.

Қазір аламанға Андрей Лаврентьевтің аты қосылған сыңайлы. Оның есімі елдегі ең ықпалды деген 50 кәсіпкердің бел ортасында тұр. Ал жасының әлі елуге толмағанын ескерсек, автокөлік саласы алпауытының қолынан біраз дүние келетінін байқаймыз.

Біздің Лаврентьевке бүйрегіміз бұрып тұрғаны шамалы. Десе де Қарметкомбинатты еншілейді-ау дегендердің есім-сойына бір үңіліп көрейікші...

Алдымен ел ішінде айтылып жүрген әңгіме: биылғы тамызда – АрселорМтталда 5 кенші қаза тапқан кезде кәсіпорын қожайыны мен қазақ үкіметі біршама саудаласқан, комбинат үшін үнді миллиардері $1,5 млрд сұрапты-мыс.

Ал жақында Үкіметбасы Смайылов Арселорды сатып алатын инвестор бірден $1,3 млрд құюы керек деген талап қойды. Бұдан бөлек, жаңғырту жұмыстарына $3 млрд салуы тиіс.


Демек, 46 кенші қаза тапқанда, Миттал бірден 200 млн түсірген.

DALA INSIDE бұған дейін АрселорМитталдың жаңа инвесторы ретінде отандық олигархтар - Freedom Holding қожайыны Тимур Турлов пен Назарбаевтың күйеу баласы, Халық банктің мажоритарлы акционері Тимур Құлыбаев қарастырылып отырғанын жазған еді.

Айтпақшы, олар «Бұған дейін жарияланған Тимур Турлов «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа инвесторы болуы мүмкін деген ақпарат шынайы емес. Турлов мырза кәсіпорынды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізген жоқ және жоспарлаған емес», деген ресми мәлімдеме жасап қойды. Мұның астарында не саясат бары тағы көмескі.

Ал «өізіміздің» Құлыбаев ше?.. Айтпаса да түсінікті. Қаны бір болғанымен, құбыласы «кітапхана» жақта.

Негізі, ол Үкіметпен жарты жыл бойы келіссөз жүргізіп көріпті-мыс. Өйткені, Құлыбаев Миттал сұраған қаржыны Халық банктің бірнеше пакет акциясын сатып-ақ, таба алады.

Бірақ Үкімет жақ әзірге үнсіздік танытып отыр.

Тағы бір сәуегейлер Қарметкомбинатты ресейлік инвестор сатып алады (соның ішінде Северсталь) деп пайымдаған. Осыған сенімді де еді. Десе де мұны да үзілді-кесілді жоққа шығаратын деректер пайда болды. Орыстар бұл жобаға өлсе, жоламайды. Әсіресе, миллионер-миллиардерлерінің қол-аяғын Батыс матап отырған қазіргі уақытта. Олар «байтал түгіл, бас қайғының» күйін кешіп отыр.

Митталдың өзі қала береді дегендер, тағы қателеседі. Халықтың үндіге қаны қарайып отырғаны бір бөлек, Ақорда онымен қоштасудың алғашқы қадамдарын жасап қойды. Рас, артынан бір теуіп, қуып шықты деуге келмейді. Бірақ ың-шыңсыз, ымыраға келгендей болып, «сіз жақсы, біз жақсымен» келісім үзіліп жатыр. Мұның да өз мәні бар, себебі Миттал оңай жау емес, халықаралық заң-законның жықпыл-жықпылын әбден меңгерген, еларалық істерде піскен, ысылған.

Күні кеше сарапшы Расул Рысмамбетов Арселорды қытайлық инвесторға берйік деген ой айтты. Оның аргументі: қытайдың тәжірибесі тың, қолында қомақты қаржысы бар. Сонымен қатар ол кәсіпорынға екі инвестор – стратегиялық инвестор (ақшасы көп) және басқарушы компания (егер ақшасы болса, онда ол операциялық инвестор) қажет екенін алға тартады. Бұл ретте ол Baowu-ны – Қытайдағы және әлемдегі ең ірі болат өндіру компаниясын ұсынып отыр.


Экономист ұсынысы біржақты көрінбес үшін американдықтар (US steel corp), үнділіктер (tata steel) мен  ресейліктерді (НЛМК немесе Северсталь) де таңдауға тартады. Алайда, мұнысы – жәй айтса салғаны. Ақылға қонымсыз екенін жоғарыда келтірдік.

Ал қытай дегенде, өткен оқиғаларға да көз жүгіртіп қойған жөн. Иек астындағы 2016 жылы мыңдаған қазақстандық қытайлықтарға «Жерімізді бермейміз!» деген талаппен митингке шықты. Бұл жерде көкейде заңды сұрақ туындайды: «Бәлкім, Қытай кезекті экономикалық экспансияға жүгініп, «өзіміздікілерді өзімізге сөйлетіп», активті «өздеріне» алуға және қоғамды соған дайын болуға жұмыс жүргізіп жатқан жоқ па?!» деген. Отандық бірнеше БАҚ осындай күдігін жариялап та үлгерді.

Сөз басында Лаврентьев деп қалдық. Бәріміз білетіндей, басқасын айтпағанда, «Аллур» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және акционері. Ретін тауып қазақты жаңа көлікпен қамтып отырған ұлты неміс кәсіпкердің Қарметкомға қол созуын құптауға тұратын сияқты. Неге? Қай немісті алсақ та, ісіне мығым, ішіп отырған суына түкіргенін тағы көрмедік. Әлгі біздің Үкімет қойған талаптың үдесінен Лаврентьев шыға алады деген үміт те таразыны салмақтайды.

Неге дейміз ғой? Андрей Лаврентьев неміс болса да, Алматының «қазағы» сонда туып-өскен. Жұбайы – Гауһар Ихсанова, иә, қазақ. Қазақ болғанда да, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті түсті металлургия бөлімінің бұрынғы меңгерушісі Ахмет Әділовтың немересі.


Ал Әділов – Қаныш Сәтбаевтың жан жолдасы болған. Соның арқасында Никольск қаласының атауы Сәтбаев болып өзгергенін біреу білсе, біреу білмес. Алматыдағы бір көшесін де Сәтбаев есімімен ататты.

Андрей мен Гауһар алты бала тәрбиелеп отыр. Әкесі – Сергей Петрович, техникалық гидротехникалық құрылыстың инженері, ғылым кандидаты, оның жобасы бойынша Бартоғай су қоймасына бөгет салынған. Анасы – Элла Антоновна – Мемлекеттік жоспарлау комитетінің экономисі, Германиядан көшіп келген отбасының қызы, Майер әулетінен Жамбылға белгілі педагогтер, ішінде қазақ тілі мен математика пәнінің мұғалімдері шыққан.

Ал осы деректерге қарап, қалғанын өзіңіз пайымдап көріңіз...

Рекомендовать
Последние новости