Бүгін бірқатар БАҚ пен Telegram арналарында «Qarmet» АҚ қызметкерлері демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде болған жазатайым оқиғаға ұшырағаны туралы ақпарат тарады.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және жалған болып табылады.
Жазатайым оқиға демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде «Казмеханомонтаж» ЖШС қызметкерлерінің арасында орын алды.
«Qarmet» АҚ БАҚ пен жұртшылықты ресми ақпаратты ұстануға, болжамдар мен жалған ақпарат таратпауға шақырады.
«Qarmet» АҚ «Казмеханомонтаж» ЖШС қаза тапқан қызметкерлерінің отбасыларына қайғыра көңіл айтады.
Өз кезегінде, «Qarmet» АҚ өз беделін заңнамада белгіленген тәртіппен қорғау құқығы бар екенін ескереді
- DALA INSIDE-қа өту
- USD 528.5
- EUR 548.5
- RUB 5.13