Қарапайым адамдарды мәжбүрлеп жұмысқа жеккен шенділердің тізімі жарияланды

Dalanews 30 янв. 2020 03:36 855

Өзбекстанның Еңбекпен қамту министрлігі 2019 жылы мақта теру науқаны кезінде қарамағындағыларды мәжбүрлеген шенеуніктердің тізімін жариялады. Жоғары лауазымды қызметкерлер мәжбүрлеп мақта тергізгені үшін жауапқа тартылмақ.

Тізімде 43 адам бар. Олардың арасында аудан әкімдері, банк басшылары мен мектеп директорлары және сауда орындарының директорлары бар.

Олардың бәрі Әкімшілік жауапкершілік жөніндегі Кодекстің 51-бабы («Еңбекке мәжбүрлеп тарту») бойынша жауапқа тартылып, 230 доллардан 700 долларға дейін айыппұл төлеген.


Халықты мәжбүрлеп мақта тергізу ісінде Самарқанд облысы көш бастап тұрғаны мәлім болды. Халықаралық адам құқын қорғау ұйымдары мақта терімі ісіне көп жағдайда мемлекеттік қызметкерлер мен әскерилер мәжбүрлі түрде тартылатынын алға тартуда. Соңғы кездері мақта теріміне құқық қорғау органдыра мен түрмеде жазасын өтеушілер де тартылғаны мәлім болып отыр.

 

Рекомендовать
Последние новости