Қарағандыда «Жасыл ел» еңбек жасағына жастарды жұмысқа қабылдау басталды

Dalanews 13 мая 2021 11:45 1311

Қарағанды қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қалалық штабы маусымдық жұмыстарын бастайтынын және жастарды жұмысқа қабыдауын бастады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл бағдарлама аясында 280-нен астам жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Олар қалалық саябақтарды абаттандыру және көгалдандырумен айналысатын болады. Қарағанды қалалық штаб жалақыны «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздарына 2021 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде төлейді. Сондай-ақ, облыстық штабпен келісе отырып, әрбір сарбазға (мөлшері республикалық штабымен анықталады) қосымша төлемақы беріледі. Жалпы айлық жалақы 42500 теңге мен 65000 теңгенің көлемінде болады.

Қалалық штабтың айтуы бойынша биыл студенттер де, оқушылар да бағдарламаға қатыса алады.

– Жұмыс оқушылар мен студенттер жазғы демалысқа шыққан кезден, яғни 1 маусымнан басталады. Сондай-ақ, 14 жасар мектеп оқушылары күніне 4 сағаттан жұмыс істейтін болады. 16 жастан асқан жастар 6 cағат, ал 18-ден 28-ге дейінгі жас аралығындағылар 8 сағат жұмыс жасайды. Біз тек студенттер мен мектеп оқушыларымен шектелмейміз. Егер сіз әлі 29 жасқа толмасаңыз және сіз жұмыс іздесеңіз, онда біздің штабқа хабарласыңыз, – дейді штаб басшысы Дәулет Естанов.

Жұмысқа орналасу үшін сіз төмендегі сауалнаманы толтырыңыз (қосымшадағы сілтеме) немесе құжаттарды Қарағанды көшесінде орналасқан қалалық штабтың кеңсесіне әкелуіңіз керек. Штаб мекенжайы Әлиханов 37, 311 кабинет. Сондай-ақ, барлық сұрақтар бойынша қолдау орталығы бар, және What’sApp қосымшасы +7(778) 963-23-97 арқылы жіберуге болады.

 

 

Қосымша 1

«Жасыл ел» ЖЕЖ-на жұмысқа тұруға қажетті құжаттар тізімі

Жеке куәліктің/ туу туралы куәліктің көшірмесі

кәмелетке толмаған адамдар үшін қосымша ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша рұқсатын қоса беріңіз

Егер сіз студент / оқушы болсаңыз – сізді растайтын құжаттың көшірмесі

бұл оқу орнынан алынған анықтама, студенттің жеке куәлігі, баға кітапшасы және т.б.

б) Егер сіз жұмыссыз / өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз: сізді растайтын құжаттың көшірмесі

бұл жұмыспен қамту бөлімдерінде жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы куәлік немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған (ресми табыс көздері жоқ) туралы еркін нысандағы анықтама болуы мүмкін

Денсаулығыңыз жайлы терапевттен анықтама

Жалақы алу үшін Жусан банкте (First Heartland Jysan Bank) жеке IBAN счетінің болуы

МАҢЫЗДЫ:

-         Барлық құжаттарды 4 данада қалалық штабтың кеңсесіне әкелуге болады. Мекен-жайымыз: Алиханов көшесі 37, 311 кабинет

-         Немесе мына сілтемені қолдана отырып онлайн өтінім формасын толтырыңыз - https://clck.ru/UNcxn

 

Рекомендовать
Последние новости