Қандастарымыз қыста атпен қыз ұзатты (фото)

Dalanews 23 янв. 2017 08:36 1696

Шыңжаң, Ілей аймағы Мұңғұлкүре ауданындағы қазақтар «Қар-мұз саяхат мерекесінде» қазақтың қыз ұзату салтын көпке көрсетті. Бұл туралы kazak.ts.cn сайтына сілтеме жасап The qazaq times жазды.

Тойда, аужар, жар-жар, сыңсыма айтылып, ұзатылған қыз босағасын қимай аттанды. Келінді ежелгі дәстүр бойынша атпен, құда-құдағиларды ат шанамен алып жүрді. Келін барған жерде беташар болып, жеңгелері отқа май тастап, байырғы қазақ ырымын жасады. Алыс-жуықтан келген саяхатшылар ұлттық дәстүрді тамашалап, көзайым болды.

Қыз жеңгелері
Қыз сыңсыма айтып, анасының да көңілі босады.
Жездесі ұзатылған балдызын аттандырып жатыр.
Ат-шана да лимузиннен кем емес
Жас келіннің қадамына құт тілеген сәт
Отқа май тастап, жас келін еліне майдай жақсын деген ырым
Орамал, жаулық қыз-келіншекті қандай әдемі көрсетеді
Жастар ұлттық айшықты жасау-жабдықты жас отауға жиналды

Фото және ақпарат авторы: Бағдаулет Батырбекұлы



Рекомендовать
Последние новости