Путиннің қас жауы. Ол кім?

Dalanews 14 нояб. 2015 12:45 1017

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили өзінің Кремльді жек көретінін жасырған емес.  Биылғы жылдың мамырында ол Одесса облысының губернаторы қызметіне тағайындалды.

The Guardian», Ұлыбритания)

Ең жас президент

saakashviliБәрі 1995 жылы басталған. Осы жылы Колумбия университетін бітіріп келген 28 жасар Саакашвили Грузияға оралады. Алдымен депутат, кейін Грузияның сол кезгі басшысы Эдуард Шеварднадзенің бұйрығымен Әділет министрі болады.

Ол кезде билік сапында әлі де болса коммунистер көп еді. Олар әлі де болса өткен дәуірді аңсайтын... Ал Саакашвили жаңа буынның өкілі еді. Ол КСРО-ға қарсы буынның өкілі-тұғын. Ол КСРО-ға қарсы шыққан Рейган мен Тэтчерге табынатын. Содан да шығар Шеварднадзенің кабинетінде ұзақ аялдаған жоқ. 11 айдан кейін отставкаға кетті. Өз еркімен. «Мұндай жаны, ары лас адамдармен жұмыс істей алмаймын» деді ол. Үш жылдан кейін ол 2003 жылғы сайлаудың нәтижесін бұрмалаған Шеварднадзенің партиясын тақтан тайдырды. Әрине, халықтың күшімен.

Грузия президенті болып сайланғанда небәрі 37-де еді. Ол Еуропадағы ең жас басшы болды. Ол кезгі Грузия жемқорланған ел-тұғын. Тіпті жаңа куәлік алу үшін де пара беретінсің... «Оның президенттігінің алғашқы жылында ұсақ-түйек коррупция түбегейлі жойылды» дейді Transparency International.

Ол кезде Грузияның бір бөлігін Ресей басып алған. Қызық болғанда алғашқы президенттік сапарын Саакашвили Мәскеуден бастайды. 2004 жылы. Көршімен тіл табысқысы келген. Бірақ, КСРО-ны жек көретін Саакашвили мен КСРО-ның құлағанын ХХ-ғасырдың ең үлкен трагедиясы санайтын Путиннің тіл табысуы мүмкін емес еді. 2008 жылдың тамызында екі елдің арасындағы араздық қақтығысқа ұласып, грузин жерінде жеке отау тіккен Оңтүстік Осетия мемлекеті үшін 5 күндік соғыс басталды.

2013 жылдың қыркүйегінде Саакашвили БҰҰ мінберінде сөз сөйледі:

– Ескі империя бір кезгі шекарасын қайта қалпына келтіруге тырысып жатыр, – деді ол. Оның сөзіне ешкім мән берген жоқ. Бірақ, екі жылдан кейін Батыс лидерлері сол жолғы Саакашвили сөзінің шындыққа айналғанын ұқты.

Ол Путин туралы ойламауға тырысам деген бір жолы. «Бұл адамның атын есіме алсам, құсқым келеді» деген де осы Саакашвили.

 Одесса әкімі

55915e07a79de_prokuratura_gruzii_predyavila_mihailu_saakashvili_novoe_obvinenieУкраина президенті Порошенко Саакашвилиге қызмет ұсынғанда ол Бруклинде тұратын (Ақш, авт.). 2015 жылдың ақпанында ол Киевке көшіп келді. Алғаш Порошенконың кеңесшісі болды. Кейін өзі сұрап Одессаға кетті. Бұл қаланы ХVІІІ ғасырда ІІ Екатерина салған және ауқымы жағынан Ресей империясының үшінші қаласы еді. Одессаның Ресей үшін орны бөлек. Пушкин мұнда «Евгений Онегинді» жазды, атақты Гоголь осы қалада тұрған. Мұны сепаратистер біледі. Сондықтан да Одессаны «Жаңаресейдің» бір бөлшегі санайды.

Ол өте қатал. Одесса губернаторының қызметіне кіріскелі бері «бекер отыратын» 600 қызметкердің жартысын жұмысынан қуған. Оның орнына белсенділер мен еріктілерді алыпты.

Саакашвили бір нәрсені біледі. Грузин революциясынан кейін тұтас жүйе ауысты, ал украин көтерілісі саяси элитаны орнынан қозғалта алған жоқ. Революциядан кейінгі үкімет «ескі де жаңа». Порошенконың өзі де олигарх.

Бір қызығы саяси элитаның сапын өзгертпеген төңкеріс қоғамды өзгертті. Биліктің қауқарсыздығы және Ресеймен арадағы соғыс жаңа украиндықтардың буынын тәрбиелеп жатыр. Бұлар кімдер? Бұлар белсенділер мен еріктілер. Саакашвили мұны да біледі. «Грузия президенті болғанда халықты қолынан жетектеп келе жатқандай әсерде болатынмын. Ал мұнда керісінше: халық бізді алға итеріп отыр», – дейді ол.

Саакашвили Порошенкомен жиі кездеседі. Бірақ, оған жету қиын. Ол Киевке ұшып баратын «Халықаралық Украина әуежелілері» компаниясына тағы бір олигарх, Днепропетровскі облысының экс-губернаторы Игорь Коломойский иелік етеді. Коломойскийді орнынан босатқан Порошенко. Саакашвили өз кезегінде Коломойскийді контрабандамен айналысады деп айыптаған және... «ендігі жерде оның ұшақтарына отырмаймын» деген. Айтылған сөз, атылған оқ.

Қазір ол Киевке көлікпен барып жүр. Астана мен Одессаның аралығы 6 сағат.

Саакашвилидің ниеті түзу. Өкініштісі ол өзгерістерге барынша қарсы шығып отырған жүйеде жұмыс істейді. Ал мұндай жүйе оны күндердің-күні жаманатты қылуы мүмкін.

Тағы бір сапардан қайтып келе жатқанда Саакашвили жол жөндеп жатқандарды көреді. «Тоқта!» деп бұйырады шопырға. Жандарына жетіп барып: «Біз бұл жолмен екі сағат бұрын жүріп өттік. Мұнда адам болмаған, бұл жерді ешкім жөндеп жатқан жоқ-тұғын. Бұл жерді аяқ астынан жөндей бастағандарыңның себебін білем. Себебі, жергілікті билік менің бұл жермен жүріп өтерімді білді. Сондықтан өздерінше іс бітіріп жатқандарын көрсеткісі келді. Маған мұндай өтірік көріністің қажеті жоқ» дейді Саакашвили.

Одессалықтар оған: «сіз мұнда ұзақ боласыз ба?» деген сауалды жиі қояды. «Нақты өзгерістерді жүзеге асырмайынша осында боламын. Грузия дейсіз бе? Бәлкім, күндердің бір күні оралармын. Бірақ, әзір емес. Бұған дайын емеспін, Грузия да мені қабылдауға дайын емес».

Ағылшын тілінен аударған,


Думан БЫҚАЙ


 

Рекомендовать
Последние новости