Путиннің күші сарқылды! Енді Украина қарсы шабуылға шығады – Британ барлау агенттігі

Dalanews 24 июл. 2022 12:00 927

Британдық МИ-6 сыртқы барлау қызметінің басшысы Ричард Мур алдағы бірнеше аптада ресейлік әскерлердің майданға жаңа әскерлер мен қару-жарақ жіберуі қиындай түсетінін айтты. Оның пікірінше, Украина үшін бұл қарсы шабуылға шығу үшін тамаша мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Жақын арада олардың шабуылы саябырсып қалады. Олар қандай да бір үзіліс жасауға мәжбүр болады және бұл украиндардың қарсы соққы жасауына мүмкіндік береді, – дейді Мур америкалық Аспен қауіпсіздік форумында.

МИ-6 басшысы Ресейдің Украина президентін алып тастау, Киевті басып алу және Батыста алауыздық тудыру сияқты бастапқы мақсаттарына жете алмауын эпикалық сәтсіздік деп атады.

Ол Ресейдің шабуылын Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропадағы ең сұмдық әрі ашық агрессия деп атады.

Шілде айының басында Лисичанск қаласын басып алғаннан кейін Ресей армиясы операциялық үзіліс жариялады, бірақ бірнеше күн бұрын Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерлерге операцияны күшейтуді бұйырған еді. Соңғы үш аптаның ішінде ресейлік әскерилер, оның ішінде негізгі күштері шоғырланған Донецк және Луганск облыстарында ешқандай табысты әрекет ете алған жоқ.


Украина мен оның одақтастары Ресей армиясының әлсіреуін Батыс елдері, бірінші кезекте АҚШ-тан жеткізілетін алыс қашықтыққа атылатын артиллерияны пайдалануымен байланыстырады. Атап айтқанда, HIMARS бірнеше зымыран тасығыш жүйесі Украина Қарулы Күштеріне ресейлік оқ-дәрі қоймалары мен базаларына соққы беруге және осылайша Мәскеудің атыс күші бойынша басым артықшылығына нұқсан келтіруге мүмкіндік берді.

Аспендегі форум барысында Мур сонымен қатар ЦРУ басшысы Уильям Бернс айтқан 15 мың адам қаза тапқан ресейлік әскерилердің шығыны туралы мәліметтерді растады.


Дегенмен, Мур мұндай деректерді "консервативті бағалаулар" деп атады.

"Бұл 1980 жылдардағы Ауғанстандағы 10 жылдағы (соғыстан) жоғалтқан адамдарымен бірдей. Және олар Санкт-Петербордағы немесе Мәскеудегі орта таптың азаматтары емес. Олар көбінесе Сібірдің жұмысшы қалаларының кедей жігіттері. Сондай-ақ олардың арасында ұлттық азшылық өкілдері де көптеп кездеседі. Бұлар майдан даласына тасталған оқ жемі", - деп қосты Мур.

Бернстің есебі бойынша, Ресей армиясы Украинадағы соғыста тағы 45 мыңдай жаралы азаматынан айырылған.

Украина Ресей армиясының қаза тапқан әскерилерінің санын 38,5 мыңнан астам адам деп бағалайды. Ресей өз шығындарының санын соңғы рет 25 наурызда жариялады: соғыста шамамен 1,3 мың адам қаза тапқаны айтылды, алайда сарапшылар бұл көрсеткіш анық төмен бағаланған деп санайды.

Рекомендовать
Последние новости