Путин қоғамдық іс-шараларда оқ өткізбейтін жилет киетін болған

Сағыныш Сардарова 05 июн. 2024 11:01 3737

Ресейдің барлау агенттіктері Владимир Путинді күзету шараларын күшейткен, барлау агенттіктерінің ұсынысы бойынша далада өткізілетін қоғамдық іс-шаралар кезінде ол оқ өткізбейтін жилет киетін болған. Бұл туралы The Moscow Times-қа шенеуніктер, Кремльге жақын дереккөздер растаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоғамдық іс-шаралар кезінде Путинді бірнеше рет көрген шенеуніктің айтуынша, ол 2023 жылы Федералды күзет және қауіпсіздік қызметінің ұсынысы бойынша оқ өткізбейтін жилет кие бастаған.

"9 мамырда шеру кезінде жасырын оқ өткізбейтін жилет киген. Бұл - сақтық шарасы, менің ойымша, дұрыс істеген", - деді басылымға шенеунік.

Ұлыбританияның қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейд Миллер басылымның өтінішімен биыл 9 мамырда Путиннің шеруде сөйлеген сөзі таспаланған видеоны зерттеп, ол, шынымен де, оқ өткізбейтін жилет киген деген қорытындыға келген.

http://kremlin.ru

Сарапшының айтуынша, Ресей президентінің өз-өзін ұстауынан пальтоның ішінде оған жүрген кезде ыңғайсыздық тудыратын нәрсе бар деген қорытынды жасауға болады.

"Менің кәсіби пікірімше, Путин шеруге барған кезде баллистикалық қорғаныстың бір түрін киді", - деп қорытындылады Миллер.


Рекомендовать
Последние новости