«Путин неге қол алыспайды?». Бәріне коронавирус пен соғыс кінәлі

Dalanews 13 окт. 2022 12:50 957

Бүгін Путин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің басқосуына қатысу үшін Астанаға келді.

Осы іс-шараға келген мемлекет басшыларын ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайлов ұшақтың трапынан күтіп алып, қол алысып амандасып қошеметпен қарсы алып жатқанын көрдік.

Әлекең Ресей басшысы Владимир Путинді де күтіп алды. Бірақ Путин мен Смайлов қол алысқан жоқ. Путин алыстан біздің Премьерге құрмет ишарасын білдірді де көлікке отырып, қонақ үйді бетке алады.

Дәл осы көрініске куә болған әріптестеріміз Путин Смайловты қомсынбады деп әңгіме айтуда. Шындығында олай емес. Путин Смайловты қомсынбайтындай онымен жарысқа түсейін деп жатқан жоқ қой.

Бүгінде Путин коронавирус пен Украинадағы соғыстан кейін  ешкіммен қол алыспайтын болған. Бұл жерде Смайловтың түк қатыс жоқ. Бәріне коронавирус пен Украианадағы соғыс кінәлі.


Естеріңізде болар, жазда Путин Түркіменстанда Каспий жағалауы елдерінің кезекті басқосуына барғанда да ұшақтан түсе салып, көлігін отырған болатын.

Енді бір-екі айдан соң, Путиннің қолы "токсичный қолға" айналып, қолы ешкемге керек болмай қалуы мүмкін. Ол кезде Путин Смайловтың қолына зар болып қалса, таңқалмаңыз.

Нұрлан ЖҰМАХАН

Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/del-qazir/82324-tortuyl-shoqan-ivan-sauyerding-qazaqtar

Рекомендовать
Последние новости