Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді қанша жылға соттауды сұрады?

Көркем Алдабергенова 29 июл. 2024 12:26 2239

Прокурор журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға бостандығынан айыруды және оған 3 жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұрады, - деп хабарлайды Dalanews.kz Азаттық Радиосына сілтеп.

Бұл жөнінде оның адвокаты Мұрат Жолшиев хабарлады.

"Не дейді?" YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім «экстремизмді қаржыландырды» және «тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты» деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған.

Іске журналистің шетелде тұратын «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі, оппозиционер Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған. Журналистің өзі және адвокаттары іс қозғалған сәттен бастап тағылған айыпқа келіспеді. 

Қонаев қаласында өтіп жатқан сотта бүгін жарыссөз басталды. 

 

Рекомендовать
Последние новости