Президенттің ағасы тұтқындалды

Dalanews 17 июл. 2017 03:25 766

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Роуханидің ағасы Хосейн Ферейдун қаржылық қылмысқа қатысты айыпталып қамалды, деп жазады Iran Front Page.

Портал таратқан мәліметтерге қарағанда, Ферейдун қамауға алынған және ол елдің әділет министрлігі бекіткен кепіл қаражатты төлей алмаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Басқа нақты мәліметтер жоқ. Ферейдун 2015 жылы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша ресми келіссөздерде арнайы елші болып жұмыс жасаған.

 

Дереккөзі: inform.kz

Рекомендовать
Последние новости