Президент журналистерге, адвокаттарға, блогерлерге ескерту жасады

Сағыныш Сардарова 24 апр. 2025 15:56 6223

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мен блогерлерге ескерту жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқаев бұдан әрі бейбітшілікке нұқсан келтіретіндерге қатаң тосқауыл қойылатынын айтты. 

"Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен жиіркенішті қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең. Сол себепті біз еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатудың жолын кесіп келеміз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз. Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайды. Бұл Қазақстаннан көшіп кетіп, шетелде жүріп халқымызға шабуыл жасайтын, тіпті, мемлекеттік органдарды бопсалайтын бұрынғы азаматтарымыздың әрекеті. Олар шет мемлекеттер берген ақшаны ақтауға жұмыс істеп жүр. Бүгінде мұны бәрі біледі", -  деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Президент еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократиясы мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайтынын жеткізді.  


Рекомендовать
Последние новости