Халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік награда алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн бір топ азамат мемлекеттік наградамен марапатталды. Атап айтқанда:
1. Халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталды:
«Парасат» орденімен
Кист Виктор Эдуардович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төралқасының мүшесі
Кузиев Закиржан Пирмухамедович – Парламент Сенатының депутаты
Мақсилова Бақытжамал Шаханқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Павлодар облысының Аналар кеңесінің төрағасы
Пуссеп Геннадий Николаевич – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері;
Фото: Ақорда
ІІ дәрежелі «Достық» орденімен
Оборон-Туар Малгожата – Қазақстан халқы Ассамблеясының достық елшісі
Папп Александр Адальбертович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері
Презент Григорий Михайлович –Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері;
«Ел бірлігі» орденімен
Алиев Долкунтай Абдулхалилулы – «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ төрағасы
Келигов Юсуп Хасанович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» ЗТБ тең төрағасы
Киколенко Ольга Андреевна – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ мүшесі
Ташпулатов Бекпулат – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері
Хочиева Людмила Хисаевна – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, карачай-балкар ұлттық-мәдени орталығының төрағасы
Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Республикалық Аналар кеңесінің төрағасы
Шин Бронислав Сергеевич – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қазақстан кәрістері қауымдастығының вице-президенті;
«Құрмет» орденімен
Ахмедов Байрамалы Агабекович – «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ мүшесі
Вартересян Эрнест Вардович – «Масис» Қазақстан армяндары бірлестігі» РҚБ төрағасы
Дедерер Александр Фёдорович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, «Возрождение» Қазақстан немістері бірлестігі» ҚБ төрағасы
Жақып Қалқаман Хасенұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Қостанай облысының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Түспекова Құралай Айтқабылқызы – Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары қауымдастығының төрағасы
Цеховой Алексей Филиппович – Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері, Халықаралық ақпараттандыру академиясының бас директоры
Шек Юрий Анатольевич – Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
«Шапағат» медалімен
Алибаев Раимжан Артикбаевич – «Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы
Джинлир Гащим Мухамедович – Жамбыл облысының «Вынхуа» дүнген мәдени орталығы» ҚБ мүшесі
Доценко Ольга Александровна – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі
Марабаева Әнел Темірланқызы – «Бірлік» ансамблінің көркемдік жетекшісі
Маштаков Дмитрий Сергеевич – Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК актері
Нұғұманова Анастасия Юрьевна – «Сөйле» қазақ тілін оқыту бойынша клубының негізін қалаушы
Смаилов Рамиль Русланович – Павлодар облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары
Спирина Ольга Сергеевна – «Speaking Club» қазақ тілі клубының негізін қалаушы
Суворов Дмитрий Александрович–Ресей дипломаты, қазақ мәдениетін насихаттаушы
Тен ВладиславВалерьевич – «Lingva Ten» тіл орталығының негізін қалаушы
Хван Сергей Валериевич – қазақ және ағылшын тілдері бойынша онлайн-мектептің негізін қалаушы
Цой Светлана Владимировна – модельер, «DaraLace» шығармашылық үйінің негізін қалаушы
Юнусов Равиль Александрович – «Ассамблея жастары» РҚБ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзін жариялады.