Pfizer вакцинасы тек жүкті әйелдер мен балаларға салынады - министр Цой

Dalanews 10 авг. 2021 06:09 811

Pfizer вакцинасы Қазақстанда тек жүкті әйелдер мен балаларға қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Бастапқы кезеңде - қазан айында балалар мен жүкті әйелдерге Pfizer вакцинасы қолжетімді болады, сондықтан басқалар бұл вакцинадан үміттенбей-ақ қойсын. Қазір барып, екпе салдыртыңыздар.

Бір аптадан кейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Қытайдан тағы бір вакцина жеткізіледі, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындаған. Онымен де егілуге болады, - деді ол.

Бұған дейін министр Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы қайта екпе салдырту "ревакциналау) қазан айында басталатынын айтқан болатын.

"Иә, біз ревакцинацияны жоспарлап отырмыз. Енді біз өз әдістерімізді анықтаймыз. Білесіз бе, ревакцинация ұғымы екі түрлі болады. Біріншісі, шұғыл жасалатын, ұжымдық иммунитет алынғанша - 60-70%. Жоспарлы ревакцинация деген бар, ол әдетте жылына бір рет жасалады.

Яғни, біз қазір тарқатып осының бәрін қарастырып жатырмыз, өйткені Қазақстан вакциналауды кейінірек бастады, ақпаннан бастап. Негізгі масса бір уақытта - маусым-шілде айларында вакциналанды. Сондықтан бізде әлі де антиденелер бар, негізінен жаңа, деңгейі жоғары.

Сондықтан, мүмкін, шамамен тоғыз айдан кейін, екінші дозаны алғаннан соң, ол біздің күнтізбеге қосылады.


Енді біз осы бағытта шешім қабылдаймыз, мәселені әріптестерімізбен бірге қарастырамыз", - деді Алексей Цой.

Бірақ, министр атап өткендей, негізінен өткен жылы вакцина алған елдер ревакцинация туралы айта бастады.

"Бұл негізінен Израиль, Америка Құрама Штаттары, олар өткен жылы вакциналау бағдарламасын бастады, оның ішінде Ресей де бар. Олар вакцинаның алғашқы дозасын алғанына, айталық, тоғыз айдан астам уақыт өтті. Сондықтан, біз үшін бұл кезеңде, бәлкім, ревакцинация бұл өзекті болады, мүмкін қазан айына таман. (...) Бұл - шамамен 1 қазан", - деді министр.

Рекомендовать
Последние новости