Перуашев: «Сайлаудың әділ өтпегенін көрсететін кейбір бейнематериал қолдан жасалған»

Dalanews 15 июн. 2019 10:54 981

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев 9 маусымдағы кезектен тыс Президент сайлауы әділ өтті деп есептейді. Бұл туралы Литерге айтыпты.

–  Сайлау ашық өтіп, бәріне қажетті ақпарат ұсынылды.

Орталық сайлау комиссиясының пайымдауынша, сайлаудың әділ өтпегені айғақтайтын кейбір бейнематериалдардың қолдан жасалыпты.


Халықты жаппай тәртіпсіздікке үндеген жекелеген топтар заң алдында жауап беруі керек. Өйткені заң алдында бәріміз бірдейміз. Еліміздегі тұрақтылық үшін бәріміз жауапкерміз.  

«Ақ жол» партиясының атынан барлық азаматтарды Қазақстандағы тыныштықты сақтап, мемлекетіміздің іргесін бекемдеуге шақырамын, – депті «Ақ жолдың» төрағасы Азат Перуашев.

Рекомендовать
Последние новости