Павлодарға жаңа әкім тағайындалды

Dalanews 21 янв. 2020 03:39 815

Павлодар облысына Әбілқайыр Сқақов әкімі болып тағайындалғанын Тengrinews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап хабарлады. Ақордадан тараған хабарламада «Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын» деген хабарлама тараған.

17 қаңтар күні Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат екі айға қамауға алынған болатын. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді.

Жаңа әкім Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

1995 жылы Ақмола қаржы-экономика техникумын «Салықтар қаржыгері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Қаржыгер және экономист» мамандығы бойынша бітірген.


2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2017 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2014-2016 жылдары Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2016 жылдың 1 желтоқсанынан 2019 жылдың 25 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы қорғансы министрінің орынбасары болды.

Сқақов 2019 жылдың 25 сәуірінен Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы қызметін атқарған еді.

Рекомендовать
Последние новости