Павлодарда "ҚТЖ" филиалының басшысы ұсталды (видео)

Dalanews 02 мар. 2021 09:20 762

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен "ҚТЖ ҰК" АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

https://youtu.be/XsD13OF-LDk

Рекомендовать
Последние новости