Павлодарда бетперде шығару тәулігіне 50 мың данаға жетті

Dalanews 07 апр. 2020 17:05 787

Мұндай ауқымды көлем соңғы үш-төрт күнде орындалуда. Бұл туралы онлайн-конференция барысында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов хабарлады.

Павлодар облысында медициналық маскаларға деген сұраныс наурыз айының соңында өсе бастады. Өкінішке орай, сол кезеңде жеке қорғану құралдарының өндірісі төмендеген еді. Бүгінгі таңда аймақтағы жағдай бір қалыпқа келіп үлгерді.

– Біз жоспарланғандай тәулігіне 50 мың маска шығару көрсеткішіне жеттік, соңғы үш-төрт күн бойы аталған деңгейді ұстап тұрмыз және болашақта жібермеуге тырысамыз, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары. – Олардың 20 мыңы – бір реттік маскалар, 30 мыңын бірнеше рет пайдалануға болады.


Павлодар қаласында бірнеше реттік медициналық маскаларды шығарумен «Мерусар и К» ЖШС-і  айналсады, оларға біздің тігін цехтері мен ательелері, сонымен қатар «Нефтехим LTD» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар көмектеседі. Бұл маскалар дәріханаларға жеткізіліп 60 теңгеден сатылады, оған қоса сауда орталықтарына да жөнелтіледі.  Бірнеше реттік медициналық маскалар Павлодар облысының әр қаласы мен ауданында тігіледі. Айта кету керек, біз «Глория Фарм» компаниясымен 50 мың дана бірнеше реттік маскалардың жеткізілімі бойынша келісім жасастық. Олардың сатылымы дәріханалар желісінде 170 теңгеден жоспарланған.

Сонымен қатар,  Сакен Шаяхметов төтенше жағдайлар режимі кезіндегі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар туралы айтып берді.  Тікелей заңгерлік тетіктердің жоқтығына қарамастан, аймақта шағын және орта бизнес өкілдері үшін ірі жекеше жалға берушілермен сауда үйлеріндегі орындары бойынша жалгерлік төлемдер  мөлшерлемесін азайтуға немесе толықтай төлем алмауға келісім жасалды. Мысалы, облыс орталығында бұл «Арман», «Версаль», «Барыс», «Гулливер», «Отау» және «Сенім», ал Екібастұз қаласында «Болашақ», «Болашақ Плюс» және «City Mall» сауда үйлері.

– Ірі сауда орындары санатына жатпайтын жалға берушілермен жағдай қиындау, себебі жалгерлік төлемдер олардың жалғыз табыс көзі болып есептеледі,- деді облыс басшысының орынбасары. – Бұл мәселе бойынша бір жүйелік шешімге келеміз деп үміттенеміз, әзірше олардың әрқайсысымен жекелей келіссөздер жүргізіп, әрбір жағдайды жеке қарастырудамыз.


Бүгінге дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен банкрот жариялау бойынша шағымдар түскен жоқ. Сонын өзінде аймақта ШОБ өкілдерінің 1 мыңға жуық жұмыскерлері ақысыз демалыста отыр. Бұл ТЖ режимін еңгізулу барысында жұмысын тоқтақан кәсіпорындар – ойын-сауық орталықтары, фитнес – жаттығу залдары және т.б. Олар Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде берілетін 42,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Рекомендовать
Последние новости