Парижда – Эйфель, Астанада – «Нұр Әлем»

Dalanews 15 июл. 2017 05:29 1053

Редакция қоржынына оқырманнан хат келіп түсті. ЭКСПО туралы ойымен бөлісіпті. Жинақы, ойлы жазбаны ықшамдап, оқырман қауымға ұсынуды құп көрдік.

 

***

Жуырда Астанаға барып келдім. ЭКСПО қалашығын аралап, Астананың ажарына ажар қосқан нысанға қарап ұзақ ойландым. Біз кеткен шығынды емес, болашақта қайтарымы бар игілікті істерді көбірек көңілге түюіміз керек деп шештім.

Астана төрінде өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» көрмесі жаңа Астананың айшығына айналады. ТМД елдерінің ішінен бірінші болып осы шараны ұйымдастырған Қазақстан екенін ескерсек, бұл елдің мерейі, халықтың қуанышы деуге болады. Әрине, ЭКСПО туралы айтқанда алдымен оған кеткен шығын айында көп сөз болары жасырын емес. Кеткен шығынның орнын туристермен толтырамыздегеннен гөрі, бұл мәселеге басқа қырынан қараған жөн.

 

ЭКСПО – Астананы дамытудың мүмкіндігі

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың дамуы – ел дамуының көрсеткіші екенін үнемі айтып келеді. Астананы Арқа төсіне көшіру – ұлттық стратегиялық жобалардың ең негізгісі екенін айту парыз. Оның маңызы туралы бұған дейін де талай сөз айтылған. Қазақты ұйыстыру, Солтүстікті халыққа толтыру (қазақыландыру), апайтөс даланы жаттың сұғынан сақтау, экономикалық бағытты тұтас географияылқ аймаққа тұтастыру... мұның бәрі рет-ретімен орындалып келеді. Қазір Астанаға қарай бой түзейтін, Астананың өркендеу-өсу жолына қарап бағыт анықтайтын кезге жеттік. Тұрғыны миллионнан асқан қаланың әл-ауқаты ұлтымызды аңа идеяларға жетектейтін басты факторға айналып үлгерді. Демек, Астанаға салынған инвестиция, оған құйылған қаржы босқа кеткен жоқ. Оны ары қарай дамытудың түрлі жол-жобасы әртарапты бағытта жүре бермек.

Астана елорда болғалы бері қазақтың аңыз бен әфсанаға толы санасы нақты өмірмен үйлесе бастады. Қазақ ертегілері мен ыр-дастандарында кезігетін еелгі шаһарларды армандау қиялы ай қиял емес, біздің ұлттың бойынан қалалық мәдениеттің үзілмегенін, өткен тарихымызда қандай қала салған болсақ, әлі де сондай жасампаздыққа жете алатынымыз әйгіленді. «Қаласы оқ халық – тарихы жоқ халық» деген қатаң тұжырымды мойнымызға артып, қазақ халқын тарихы жоқ ел сапына қосқысы келгендердің аузына су құйылды деуге болады. Оңтүстіктегі байырғы сансыз шаһарлардың орнын қазып, кезінде ірі өркениеттің ошағы болғанымызды дәлелдеуге қанша тырыссақ та, оған өзгелер сенбестік танытып келіп еді. Тіпті ол қалалардың біздің тарихымызхбен еш қатысы жоқ деген сыңайдағы кертартпа пікірлер де қылаң беретін. Ондай жосықсыз ойға кейде өзімізде иланатынбыз. Өйткені, қиынның қиыны – өткеніңді дәлелдеу еді. Ол үшін бүгінгі жетістік керек болатын. Кеңес одағындағы «өркендеу-даму» жолы – өзгенің қолымен қаланған қалалар арқылы іске асқанын да бетімізге басқандар болмай қалған жоқ.

Астананы Арқаға көшіргенде көп жұрттың өре түргеліп қарсы шыққаны да сол. «Астананы Арқаға көшіру – ертегі» деп кесіп айтқандар да табылған. Енді оның бәрі ай сөз боп қалды. Астана – Астана болды! Қазақтың Астанасы!

Қазір бұл қала әлемге танылды. Соның бір көрсеткіші – ЭКСПО.

 

ЭКСПО-ның Астанаға қандай пайдасы тиеді?

Енді осыған келейік. Біз бәрібір Астананы дамытудан бас тартпаймыз. Оған ЭКСПО-сыз да қыруар қаржы құйылып жатыр. Ал ЭКСПО арқылы жаңа қаланы дамытудың өзіндік мүмкіндігін алдық. Осы қалашықты салуға кеткен қаржы Астананы дамытуға арналған қаржы деп түсінген өн. Егер ЭКСПО болмаса, Астананың бұл қалашығы бой көтермес еді. Сіз ойлаңыз, Астанадағы жаңа ғимараттардың дені ірі обалардың туындысы, дегенмен, онда әсемдік пен сән үшін де тұрғызылған, былайша айтқада, Астананың көркін кіргізу үшін бой көтерген нысандар жеткілікті. ЭКСПО қалашығын олармен салыстыруға болмайтын себебі, мұны нақты шара үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болып отырмыз.

Астаның жарнамасы. Бұл үздіксіз жүріп келеді. Болашақта да Астананың әлемдік аренадағы беделі үшін қыруар шара жасалады. Соның бәрін ЭКСПО-дай болады деп айта алмаймыз. Кем дегенде өзіміз үшін. Біздің тұрғындар, әсіресе, жастар Астананы көруді армандаса, онда оған белгілі дәрежеде осы қалашықтың қосқан үлесі бар.

Астанаға турист тарту.Жарнамасы мықты қалалардың туристері де мол. Кейбірінің тарихы ұзақ, енді бірінікі қысқа. Дейтұрғанмен, әлемнің әр түкпірінен ағылатын туристер саны жағынан Еуропаның байырғы қалаларынан қалыспайтын Азиялық, Оңтүстік америкалық қалалар қаншама. Дубайды Дубай еткен архитектуралық, қонақжайлылық және географиялық орналасу жағдайы ғана емес, оның жарнамасының күштілігі. Астана дәл Дубайдай болмаса да, Орталық Азияның жауһарына айналады. Оған мүмкіндік зор.

Демек... Бұрын Астана десе ең алдымен Бәйтерек кешені көз алдымызға келетін. Астанаға барған кез келген жұрт Бәйтеректі көрмей кеткен емес. Алдағы уақытта Астана ұртқа барғандар ең алдымен ЭКСПО қалашығын көруге асығары сөзсіз. Күн сайын түлеген Астананың ажары енді тіптен түрлене түсті. ЭКСПО аяқталады, бірақ ондағы сәнді сарайлар мен павильоедар мәңгілік ел мұрасы болып қала бермек. Жалпы аумағы 25 гектарды құрайтын атшаптырым құрылыс кешені берісі қазақстандықтардың, арысы әлем жұртшылығының Астанаға келгенде бас сұған нысаны болмақшы. Бұл Астанаға ажар қосқан негізгі нысанның бірі болып қала бермек. ЭКСПО аяқталған соң оның орнына Астана қаржы орталығы құрылмақшы. Алдағы уақытта ел экономикасының локомотивіне айналады деп болажанған қаржы орталығы ЭКСПО қалашығының әлемдік статусын төмендетпеуге септеседі.

Франция десе Эйфель мұнарасы көз алдымызға келетіні секілді, болашақта Астана десе «Нұр Әлем» жадымызда жаңғырады деген сенім мол.

 

Астанаға барсаңыз...

Бала кезімізде Алматыны сағынатынбыз. Көрмесек те, аға-әпкелеріміздің студент кезіндегі суреттеріне қарап, есейгенде міндетті түрде осы қалада оқимыз деген арман жетелейтін. Сол арман Алматыға ап келді. Бүгінгі балалар Астананы сағынады. Олар осы қаланы көруді армандайды. «Астанаға барсаңыз, ЭКСПО-ны көрген шығарсыз» деген сөзді қазір балалардан естіп те жүрміз. Сіз де Астанаға барсаңыз, ЭКСПО қалашығын міндетті түрде көресіз.

Бақыт СЕРІКОВ

 

Рекомендовать
Последние новости