Пара аламын деп бүкіл атағынан айырылды: Екібастұзда ТЖД бастығы сотталды

Сағыныш Сардарова 07 апр. 2025 10:41 497

Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл 31 наурызда Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д.Куконевке, оның орынбасары Ж.Маймановқа және кәсіпкер Б.Жұмашевке үкім шығарды.

Куконев пен Майманов Жұмашевтен оның кәсіпорнына қатысты мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

"Куконев азаматтық қорғаныс полковнигі, Майманов азаматтық қорғаныс майоры арнайы атағынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости