Өзбекстанмен шекарадағы ұзын-сонар кезек: комитет себебін түсіндірді

Сағыныш Сардарова 04 июн. 2025 17:53

Мемлекеттік кірістер комитеті Өзбекстанмен шекарадағы "Қапланбек" бекетіндегі ұзын-сонар кезектің себебін түсіндірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мұның басты себебі - Құрбан айт мерекесіне байланысты көршілес мемлекет азаматтарының елдеріне қайтуы. Жағдайды реттеу мақсатында екі тараптың мүдделі мемлекеттік органдары келіссөз жүргізді", - деп жазылған хабарламада.

Жағдайды шешу үшін Өзбекстан тарапы шекара және кеден қызметкерлері санын екі есеге арттырған.

"Жай күндері "Қапланбек" өткізу пунктінен екі бағытта 27 мың адам,  800 көлік, ал мереке күндері 38 мың адам, 1,1 мыңнан аса көлік өтеді", - деп жазылған хабарламада.

Комитет шекарадан өтуді ойлаған азаматтарға қазіргі жағдайды ескеріп, сапарды алдын ала жоспарлауды ұсынды.


Рекомендовать
Последние новости