Өзбекстанда ер азамат прокурорлардың азаптауынан кейін асылып қалған

Dalanews 10 июн. 2016 03:59 865

Ферғана облысы "Яккатут" ауылының тұрғыны Надира Салиджанованың сөзінше, 55 жастағы күйеуі Гиёсиддин Исамиддиновке қатысты 15 мың АҚШ доллар пара алып, жерді заңсыз сатты деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.

Марқұмның әйелінің айтуынша, прокуратура қызметкерлері өзі жасамаған қылмысты мойындатқызу үшін соққыға жығып, азаптаған.

– Күйеуімді прокуратура өкілдері алып кеткеннен кейін, менің туыстарым барып, үйге алып келді. Ол өте жабырқаулы болды. Ол жас жігіттер қағазға қол қойдыру үшін өзін ұрып-соғып, азаптағанын айтты. Денесінің бәрі көгерген. Ол үйге келіп, "менің ұлыммен қатар балалар маған жәбір көрсетіп, қорлады" деді. Мен оның жағдайын көріп, жылап жібердім, – дейді Надира Салиджанова.

Оның сөзінше, келесі күні күйеуін үйінің бақшасында асылып тұрған жерінен тауып алған. Салиджанова жұбайының өліміне прокуратура қызметкерлерін кінәлайды. Әйел кінәлілерді жауапқа тарту үшін, тиісті орындарға шағым түсіргенін айтады.

Рекомендовать
Последние новости