Қырғыздар діни догматизмге шектеу қоймақ

Dalanews 10 июн. 2016 03:53 851

Жогорку Кенеш депутаты Жанар Акаевпен, мүфти Мақсат қажы Токтомушевпен, ҚР мұсылмандары діни басқармасы кеңесінің төрағасы Абдышукур Нарматовпен, блогер Әлия Сурановамен және тәуелсіз сарапшы Нұрлан Исмаиловпен кездесу кезінде Қырғызстан президенті әрнәрсенің шегі болуы керек деп атап өтті.

"Біз кейбір араб елдерінің ойсыз діни догманың соңына түсуі неге әкеліп соғып жатқанын көріп отырмыз. Солардың бірі — тура жол "Ислам мемлекетінде" деген үндеулер. Біздің мемлекетте конституциялық қағидаларды бұзуға жол берілмеуі тиіс деп есептеймін. Біздің елде әркім өз ойларын еркін жеткізуге құқықтары бар, бірақ діни қызметті саясатқа араластыруға жол берілмеу қажет, әсіресе қасиетті рамазан айы кезінде", -деді Атамбаев.

Президент республикада діни-сенім бостандығын жүзеге асыруға барлық жағдай жасалғанын айтты.

"Өзге конфессияның өкілдері секілді мұсылмандар да өз діндерінде еркін ғибадат жасай алады. Осы уақытқа дейін Қырғызстанда жұма-намаз кезінде кедергі жасалды деген бірде-бір шағым түскен емес", - деді мемлекет басшысы.

Президентпен кездескендер Еңбек кодексіне жұма күні мұсылмандар үшін намаз оқуларына жағдай жасау үшін түскі ас уақытын ұзарту жөнінде өзгерістер енгізу туралы заң жобасы төңірегіндегі дауға алаңдайтындықтарын білдірген.

Рекомендовать
Последние новости