Өз үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы қолданған вице-министр сотталды

Көркем Алдабергенова 07 авг. 2024 16:25 2516

Бұрынғы төтенше жағдайлар бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Антикорға сілтеп.

Ақмола гарнизонының әскери соты Ибрагим Күлшімбаевқа үкім шығарды.

"Ол жеке үйін салу үшін әскери қызметшілер мен арнайы техниканы тарту туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшылығына заңсыз нұсқаулар беру арқылы билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ сот мемлекет басшысының атына Ибрагим Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы ұсыныс енгізуге қаулы етті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости