2025 жылдан бастап уран өндіретін компаниялар көбірек салық төлейтін болады

Dalanews 07 авг. 2024 11:24 3071

Уранға арналған пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесі өзгереді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. 

«ҚР Салық кодексінің 746-бабының 1-тармағына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» «Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі №105-VIII өзгерістер енгізілді. Онда экономиканың тау-кен металлургия секторының жер қойнауын пайдаланушылар үшін өндірілген уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемелерін (ПҚӨС) 2 кезеңмен арттыруды көздейді», - делінген хабарламада.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген уранға арналған пайдалы қазбаларды өңдеруге салынатын салық мөлшерлемесі 6 пайыздан 9 пайызға артады. Бұдан кейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық өндіру көлеміне және уранның орташа өлшенген бағасына байланысты уранға сараланған мөлшерлемелер енгізіледі.


Рекомендовать
Последние новости