Өз құқықтарыңызды білесіз бе?

Dalanews 27 нояб. 2017 01:35 714

 

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары!

2017 жылдың 27 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында Алматы қалалық прокуратурасы мүгедек жандарды қолдау мақсатында «Өз құқықтарыңызды білесіз бе?» атты жобасын бастайды.

Жоба аясында Алматы қаласының прокуратурасы Алматы тұрғындары арасында сауалнама жүргізеді.

Сауалнаманың мақсаты:

Мүмкіндіктері шектеулі адам құқықтарын толық және тең дәрежеде сақтау.

Барлық мүдделі тұлғалар әлеуметтік сауалнамаға қатыса алады.

Сауалнама нәтижелері бойынша Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Жанбекова Гүлнәра Хамитқызы және уәкілетті органдардың өкілдері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардан тұратын жұмыс тобы 2017 жылдың 4 желтоқсанында талдау жасап, Алматы қаласының прокуратурасының ресми сайтында (almaty.prokuror.kz) халыққа толыққанды ақпарат береді.

Сұрақтар:

Сіз хабардарсыз ба:

1. Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылатын азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы;

2. Ауруларды ерте анықтауға бағытталған профилактикалық медициналық тексерулердің тәртібі мен жиілігі туралы (жаңа туған және кішкентай балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, 18 жасқа дейінгі орта және жоғары оқу орындарының студенттері, әр түрлі жастағы ересектер) және ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға, аурудың дамуына жол бермеуге, аурулардың пайда болуына ықпал ететін тәуекел факторларын, халық денсаулығын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған бағдарлама туралы;

3. Халыққа көрсетілетін жергілікті мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы;

4. Мүгедек балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету көмегі туралы;

5. Жеке оңалту бағдарламасы туралы не білесіз, оңалтудың қандай түрлері барынан;

6. Алматыда қай мемлекеттік орган мүгедектікті белгілейді және қайда өтініш береді? Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімдері туралы;

7. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы.

Командалық жұмысыңызға және белсенді азаматтық ұстанымыңызға рақмет.  

Құрметпен, Алматы қаласы прокуратурасы

Рекомендовать
Последние новости