Тәрбиелі қыз — жарқын болашақ кепілі

Dalanews 27 нояб. 2017 03:59 873

Ұлтымыз бала тәрбиесін қашанда басқадан биік қойған. Жақсыдан үйрентіп, жаманнан жирентіп отырған қазақ, ұрпағын «Ұят болады», «Жаман болады», «Обал болады» деген үш-ақ сөзбен тәрбиелеген.


Осы сөздермен-ақ өмір бойына жететін өнегені бойына сіңіруге тырысқан екен. Халқымыз баласының, оның ішінде қыздарының «жүгенсіз» кетпеуін қадағалап қырық үйден тыйым айтқан деседі.


Себебі, ата-бабамыз нәзік жандыларды қадірлеп, олардың арына кір келтірмеуге тырысқан. Бұл ойымызды елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де — біздің қазақ», — деп айтқан сөзімен толықтырсақ болады.


Бұл үрдіс әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ, сол себетті елімізде жыл сайын қыздардың мұңсыз, қауіпсіз болашағы үшін көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді.





Осындай жобалардың бірін «Қыздардың өнегелі тәрбиесіне бағытталған кездесулер өткізу» деген атпен «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері» басқармасының тапсырасы бойынша, «Әлем» волонтерлік орталығы өткізді.



Сегіз айға созылған бұл жоба аясында Астанадағы ЖОО мен колледждерінде тәлім алып жүрген қыздарға психологтармен кездесулер ұйымдастырылып, маңызды тақырыптап талқыланды.


Әрбір қыз бала бойжете бастаған уағында өзінің бойындағы өзгерістерін, сезімдерін танып біле алуы керек. Бұрындары халқымыз қызын өз жұртына дайындау жұмысын жеңгелеріне сеніп тапсырған. Қазіргі жаһандану дәуірінде олардың орнын психолог мамандар толтырып отыр десек артық айтқандық емес.







Сөзіміз дәлелді болу үшін «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері» басқармасының басшысы Асхат Раздықұлының:


«Бұл жобаны біз елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақала-бағдарламасының негізінде іске асырып отырмыз. Рухани жаңғыру деген – ұлтымыздың ғасырлар бойы сақталған салт-дәстүрін, тәлім-тәрбиесін, құндылығы мен рухани байлығын қолға алып, дәріптеу деген сөз. Осы жобаның аясында біз нәзікжандыларымыздың иманы және арын сақтаумен бірге, қоғамдағы рөлі мен беделін көтеру үшін жұмыстар жүргіздік», —деген сөзін тілге тиек етуімізге болады.


«Тәрбиелі қыз — жырқын болашақ кепілі» деп қарастырсақ, бұл жоба сол мақсатта іске асырылып отыр. Ұлағатты ұлтты тәриелейтін болашақ аналар өмірдің мәнін, отбасының құндылығын, ер адамның биіктігін «Қазақ Технология және Бизнес» Университеті, «КАЗГЮУ» және С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, «Қаржы» Академиясы мен Еуразия гуманитарлық институтының колледжі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ оқу ғимараттарында өткізілген кездесулер аясында тереңірек ұғынды. Өз кезегінде қыздар да ұсыныстары мен тілектерін жеткізіп жатты.




Мысалы олардың көпшілігі әрбір оқ орнында жеке гинекологогтың қабылдауы болғанын қалайды. Бұл олардың денсаулықтары үшін аса маңызды екенін белгілі. Келешекте қыздардың пайдасына жарайтын осындай маңызды дүниелер іске асып жатса игі.



Ал «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері» басқармасының тапсырымен «Әлем» волонтерлік орталығы ұйымдастырған «Қыздардың өнегелі тәрбиесіне бағытталған кездесулер өткізу» жобасы жақсылықтың басы ғана.


Қарашаш Есенбай





Рекомендовать
Последние новости