Отырарлық кәсіпкер әжей: "Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібімді аштым"

Dalanews 09 нояб. 2018 03:22 825

Зейнет жасына жетсе де еңбекке құлшынысы зор Үрләш Тұрғанбай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 7 млн. теңгенің жеңілдетілген несиесін алған екен. 

Қаражатқа тігін машиналарын алып, қазір 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Ал мемлекеттік тапсырыс алғанда ауылдың қыз-келіншектерін жалдайды.

«Қызылордаға мұнайшылардың арнайы киімдерін тігеміз. Жақында Жаңақорғанға тағы 150 киім тігіп жібереміз. Мұндай тапсырыстар кезінде үйді-үйде отырып тігіс тігетін ауылдың әйелдері көмектеседі», – Үрләш әжей.

Айта кетейік, Отырар ауданында бағдарлама аясында қаржылық ұйымдар 45 азаматқа шағын несие берген. Олардың дені ауыл шаруашылығын дамытуға атсалысса, қыз-келіншектер жеңіл өнеркәсіпті ұршықша иіруде.


Отырар адандық жұмыспен қамту орталығының директоры Амангелді Мұхиттың айтуынша шағын несиемен 10 айда 45 азамат 197 млн. теңгемен қамтылып отыр. Олардың бірі қызмет көрсету саласында, енді бірі мал шаруашылығын жандандырып келеді.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлікті түлету тек Отырар ауданында ғана емес, өңірде қарқын алған. 2 мыңға жуық күнгейлік тұрғын мемлекеттік қолдауды пайдаланып кәсіпке бет бұрған.

Ал Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиевтың айтып кеткеніндей «Бастау бизнес» жобасы арқылы 1730 азамат оқуларын аяқтап, сертификаттарын алған. Оның 215 — іне 1,1 млрд. теңгенің несиесі берілген.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 2-бағытында жаппай кәсіпкерлікті дамыту қаралған. Бүгінге дейін 2,6 млрд. теңге көлемінде 500 адам несиемен қамтамасыз етілді», – дейді.

Рекомендовать
Последние новости