Өскеменде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Dalanews 27 авг. 2024 08:27 2246

Бүгін Өскемен қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі,  деп хабарлайды Dalanews.kz Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық жедел штабына сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде Өскемен ГЭС ауданында автокөлік қозғалысын жабу бойынша шаралар қарастырылған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.


Рекомендовать
Последние новости