Алаяқтар министр Аида Балаеваның атын жамылып жүр

Көркем Алдабергенова 26 авг. 2024 12:35 1860

Алаяқтар Аида Балаеваның атынан WhatsApp арқылы жалған ақпарат таратқан, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Ведомство мәліметінше, министр Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тараған.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады", - делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланады.


Рекомендовать
Последние новости