Өскемен қаласы мен Самсоновка ауылындағы көшелерге қазақша атау берілді

Dalanews 17 апр. 2023 04:04 1262

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында облыс депутаттары Өскемен қаласындағы 20 және Самсоновка ауылындағы19 көшеге жаңа қазақша атау берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған көшелер аумағында бірқатар тұрғын үйлер салынып, құтқару қызметі қызметкерлерінің тұрғындардың мекенжайын таба алмауына байланысты атау беру қажеттігі туындаған.

Ұсынылған 19 атаусыз көшеге халықтың пікіріне сәйкес, патриоттық рухты тәрбиелеу мақсатында Қазақстанның белгілі жер-су атаулары және дәстүрлі атаулар берілді.


20 тұрғын ауданындағы атаусыз көшеге Жидебай, 18 тұрғын ауданындағы атаусыз көшеге Медеу, Самсоновка ауылы маңындағы атаусыз көшелерге Арғымақ, Наурыз, Айнакөл, Еділ, Дәстүр, Есіл, Аманат, Жайық, Балдырған, Серпер, Мереке, Көктем, Шарын, Кеген, Келешек, Масаты, Самал көшелері болып аталмақ.

Рекомендовать
Последние новости