Өрттен зардап шеккен Лесной кентінің тұрғындарына көрсету үшін қайырымдылық акциясы басталды

Dalanews 11 мая 2021 15:42 1014

Шығыс Қазақстан облысында өрттен зардап шеккен Риддер қаласы Лесной кентінің тұрғындарына көмек көрсету үшін қайырымдылық акциясы басталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Риддер, Біз біргеміз!" акциясы 2021 жылғы 10 мамырда болған өрттен кейін баспанасыз қалған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұл ретте, айта кету керек, ШҚО-ның барлық деңгейдегі әкімдіктерінің, басқармалары мен мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері бір күндік жалақысын Риддер қаласының "Бірлік" қорына аударуда.

Қазіргі уақытта облыс бойынша өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау науқаны ұйымдастырылды. "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы #Birgemiz акциясын жариялады, акция шеңберінде бірінші қажеттіліктегі заттар, құрылыс материалдарын жинақтаудв. Сонымен қатар, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы қиын уақытта ешқашан шетте қалмаған Шығыс кәсіпкерлерін тағы бір мәрте өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсетуге және риддерліктерге қолдан келгенше көмек көрсетуге шақырады.

Облыс дінбасылары "Қайырымды болсаң, қайырымын өзің көресің" акциясын ұйымдастырды. Азық-түлік, ақшалай қаражат, киім және т.б. заттар "Халифа Алтай" мешітінде, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарының мешіттерінде қабылданады.


Айта кету керек, бүгін ШҚО ҚХА, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ "Жақсылықты бірге жасаймыз" еріктілер қозғалысы қалаға гуманитарлық көмек жіберді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде облыс әкімдігінің атына өңірдің бұл жағдайға бей-жай қарамайтын азаматтарынан да хаттар келіп түсуде. Мәселен, өскемендік кәсіпкер Исатай Ансат әкімшілік ғимарат пен учаскесінің қажетті бөлігін тұрғын үй ретінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, одан кейін зардап шеккен отбасыларының меншігіне беру үшін тегін беретіндігі туралы ниетін білдірген хат жариялады. Хабарламада айтылғандай, бұл шамамен 3800 шаршы метр әкімшілік ғимараттан тұратын бұрынғы әскери бөлімнің ғимараты.

Сонымен қатар, "Қазмырыш" компаниясы үйлері өртеніп кеткен барлық отбасыларға 1 миллион теңгеден бөлінетінін хабарлады.

Айта кетейік, кеше оқиға орнына шұғыл жеткен облыс әкімі Даниал Ахметов жағдайды өз бақылауына алып, ешбір отбасы баспанасыз қалмайтынын жариялаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта зардап шеккендерге материалдық қаражат жинау үшін "Бірлік" қорының шотын ашылған.

KZ094809KZT22031440

Рекомендовать
Последние новости