Ахметов: "Өрттен зардап шеккендердің барлығына баспана беріледі"

Dalanews 11 мая 2021 08:09 818

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласы маңындағы Лесхоз елді-мекенінде бірнеше үйдің өртке орануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Бүгін біздің өңір үшін өте ауыр күн болды. Өрт кезінде қаза тапқан кент тұрғыны Галина Филаретовна Спивакованың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға зор денсаулық пен тезірек сауығуларын тілеймін", - деді әкім.

Оның айтуынша, Үкімет пен облыс әкімдігі тарапынан сіздерге жан-жақты қолдау мен көмек көрсетіледі! Өрттен зардап шеккендердің барлығы баспана алады!

Бұл жұмыс ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өткім келеді.
Қазіргі уақытта, расталған ақпаратқа сәйкес, 35 үй мен 9 ғимарат өртенді.

Даниал Ахметовтың айтуынша, алдын ала есеп бойынша, тұрғын үй мәселесін толық шешу үшін бізге екі жарым ай қажет.

"Тұрғындармен кездесу барысында жұмыс жоспарына тоқталып, барлық жағдайды бүкпесіз баяндап бердім. Риддерде салынып бітпеген бірнеше көпқабатты үйлер бар, оларды біз сатып алып, құрылысын аяқтауды межеге алып отырмыз. Бұл баспаналар кірпіштен жасалған, бүгін кездесуден кейін біреуінің жағдайын жеке өзім барып көрдім. Таңертең құрылыс компанияларымен бірге қалған үйлерді бағалап шығамыз", - деді ол.


Әкім егер кімде-кім көпқабатты тұрғын үйден бас тартса және ескісін жөндеуді талап етсе, оны жөндеп беретіндерін баса айтты.

Құжаттарды қалпына келтіруге қатысты жұмыспен полиция департаменті мен ХҚКО бүгіннен бастап айналысатын болды. Барлық құжаттарды бірқалыпты тәртіпте қалпына келтіреді.

"Мүліктік шығындарға келетін болсақ, төлемдер заңға сәйкес жүзеге асырылады. Арнайы комиссия жұмыс істеп, шығындардың құнын анықтайды және заңнама ережелеріне сәйкес өтемақымен айналысады, - деп атап өтті Ахметов.

Агротехникалық колледж жатақханасы мен профилакторий базасында барлық зардап шеккендерді қоныстандыру үшін орындар ұйымдастырылды.

Алдағы екі-үш күнде өрттің себебі анықталады.

Рекомендовать
Последние новости