«Орыста жазық жоқ...». Ерғалиева өзін сынағандарға жауап берді

Dalanews 25 мая 2018 08:09 804

Редакциядан: Гүлжан Ерғалиеваның қазақ таксист туралы жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланған.  DalaNews.kz бұл мәселеге қатысты мақала жариялаған. Осыдан кейін Ерғалиева өзінің желідегі парақшасында даулы мәселеге қатысты қазақ тілінде өз ойын жазыпты. Мазмұнын бұзбадық.    

 



Жеке парақшама осыдан біршама уақыт бұрын таксиге мінгенде көргендерімді пост қылып жазған едім.  Кейіннен менің жазбам біраз адамға ұнамаған соң, өшіруге мәжбүр болдым. Бірақ біреулер оның скрин-копиясын жасап, мені қазаққа қарсы адам ретінде көрсетуге тырысты.  

Біріншіден, мен посты жойған себебімді түсіндірсем. Постқа пікір жазған адамдарды қазақ ұлтшылдары ұлттық тұрғыдан кемсітті. Бұл заң бойынша қылмыс болып саналады. Сол адамдар ұлтшылдарды сотқа беруі мүмкін. Сондықтан амалсыз постымды жойдым.

Екіншіден, мен тек көрген дүниемді ғана жаздым. Таксистер көріп, біліп ұялар деген ой болды. Оғыз Доған банктегі қазақтарды сынағанда ұлтшылдар қатты қуанып, оны нағыз батыр деп санады. Ал мен кемшілігімізді айтқанымда қазақтар мұны қабылдай алмай, «сатқын», «орысқұл» деп айыптағанын қалай түсінуге болады?  

Сонда бұл қалай? Біздер таксистердің тəрбиесіз, үсті-басы алқам-салқам, жұмыс орыны кір, сасық екенін айтпай, үндемей жүре беруіміз керек пе?
Банкте жұмыс істейтін қыз Оғыз Доғаннан бүкіл елдің алдында кешірім сұрады. Ал менің басымнан өткен жағдай қазақтардың жеккөрушілігін туғызғанын қалай түсінуге болады?

Менінше, қазақтардың арасында тілден басқа да мəселелер мен кемшіліктер жетіп артылады. Бұл бір таксистің басындағы жағдай емес, елімізде мұндай мыңдаған таксист бар. Сіздер де мен сияқты оларға сын-ескертулеріңізді айтып жүргендеріңізге сенімдімін. Олар неге көлігін жөндемейді? Ертеңгі күні біреудің баласын мерт етсе не деп жауап береді? Көліктің ішіндегі кір мен микроб қаншама ауру туғызатынын неге ойламайды?

Алматының таксистері жол ақысын төлесең де, жолай кісі алуын қоймайды. Мұндай əдет өзге елде мүлде жоқ. Айтсаң, айыпты боласың. Бұл дұрыс па?
Олар өздерінің осындай күйге түскенін неге өзге ұлт өкілдерінен көреді? Кім осы шірік идеологияны олардың басына салып жүргенін білмеймін.

Қазақтар басындағы қиындықты нақты бір ұлттан көруі орынсыз.

Көпшілігіміз бұл қасірет үшін Кеңес одағының кінәлі екенін білмейміз.

Оларға қазақтан басқа елдер де репрессия мен ашаршылықты бастан кешкенін айтсаң, бәріне орыстарды кінəлап, айтқандарынан қайтпайды.

Сонда арғы ата-бабаларымыз Абылай хан, Тәуке хан, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер Ресей патшасына ант беріп, əскерін сұрап жоңғар мен Цин империясынан қазақ жерін қорғап, 300 жыл тыныш өмір сүргенін қалай ұмытуға болады?

Міне, 30 жылға тақау уақыттан бері жеке ел болып өмір сүріп келеміз. Ресей бізге өктемдігін жүргізуін тоқтатты. Ендігі жерде олардан қорқып, жау санап, жастардың миын ашыта беруге болмайды. Енді екінші КСРО ешқашан орнамайды.
Ұлтшылдарға айтарым қазақтың намысын, тілін өзіміз мәдетнеит пен білімге құлаш ұрып қана көтеруіміз керек. Басқа ұлтқа тіл тигізіп, ұшпаққа шықпаймыз. Орысфобиясымен қазақ елін масқаралай бермейік, ағайын.

Тағыда айта кететін жайт, егер қазақ таксист менің құқымды бұзса, қазақ мектебінде мұғалімдер балаларды ұрса, қазақ жастары көшеде түкірсе, боқауыз сөз айтса, үлкендерді сыйламаса мұндай сәтте үнсіз қалай алмаймын. Өйткені бұл менің азаматтық парызым. Шындық қана елімізді дамытып, өрге сүйрейтінін ұмытпайық, ағайын!

Гүлжан ЕРҒАЛИЕВА, Фейсбуктағы жазбасы

 

https://dalanews.kz/36087

Рекомендовать
Последние новости